Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 31 шілде мен 8 тамыз аралығында балалар үйі тәрбиешілеріне жазғы лагерь ұйымдастырды, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Лагерьге Қарағанды, Павлодар, Петропавл мен Тараз қаласынан 100 оқушы келіп демалды.
Қайырымдылық шара ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың демалысын пайдалы ету және олардың бойында отансүйгіштік, білімге қызығушылық сезімдерін оятуды мақсат етті.
Демалыс кезінде түрлі танымдық экскурсиялар ұйымдастырылды. Балалар ең алдымен көрікті ҚазҰУ қалашығымен етене танысып, университет мұражайында, Әл-Фараби кітапханасы мен өзге де нысандарда болды. Сонымен қатар Алматының мәдени, тарихи орындарына және табиғат аясына саяхаттады. Қаладағы көптеген ескерткіш, музей, мұражай-үйлерді аралап, ұмытылмас әсерге бөленді.
Comments