top of page

ҚазҰУ студенттері Ресейде өткен олимпиадада үздіктер қатарында

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің білім алушы жастары Ресейде өткен қолданбалы механика бойынша Халықаралық жалпыресейлік студенттік олимпиадада үздік үштікке енді.



Санкт-Петербург политехникалық университетінің базасында ұйымдастырылған олимпиадаға Ресей, Қазақстан, Беларусь және Қырғызстаннан келген 27 команда қатысты. Оның ішінде 94 студент, 26 тәлімгер – барлығы 120-дан астам адам жиналды.


Соның ішінде ҚазҰУ студенттерінен құралған екі топтың бірі – ІІ орынды, ал екіншісі – ІІІ орынды иеленді. Барлығы механика-математика факультетінің Механика кафедрасында оқитын студенттер. 


II орынды иеленген топта Ренат Ерланов, Нұржауған Тілектес, Рамазан Нәлібек және Мирас Мұратов, ал III орын алған топта  Ахан Батенов, Денис Бессонный, Олег Кириллов бар. Қос команда Механика кафедрасының аға оқытушысы Бірлік Сағытжановтың жетекшілігімен дайындалды.


Қатысушылар сайыста қолданбалы механика саласындағы терең білімдерін ғана емес, сонымен қатар инженерлік тапсырмаларды шығармашылықпен шешу қабілеттерін көрсетті.


Жеңімпаздарды Санкт-Петербург политехникалық университетінің цифрлық трансформация жөніндегі проректоры Алексей Боровков құттықтап, арнайы сыйлықтармен марапаттады.





Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page