top of page
Search

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бірқатар нысанның ашылу салтанатына қатысты

8.08.2024.


Ақордада бейнебайланыс режимінде Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің қатысуымен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Шыршық қаласындағы филиалының, сондай-ақ «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетінің Алматы қаласындағы филиалының ресми ашылу салтанаты өтті, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Токаев

Мемлекеттер басшыларына жаңа филиалдардың қызметі туралы бейнеролик көрсетілді.


Шара барысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Өзбекстанның Білім министрі Конгратбай Шарипов екі елдің ғылым-білім саласындағы ынтымақтастығы жөнінде баяндама жасады.


Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев университеттер филиалдарын ашуға рұқсат берді.


Казахстан и Узбекистан

Comments


bottom of page