Қостанай облысының орталығында бірден екі жайлы мектеп ашылды
Қостанай қаласында 15 қаңтарда 2100 орынға арналған мемлекеттік тілде оқытатын бірден екі Жайлы мектептің салтанатты ашылуы өтті.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов мектептердің ашылуында:
«Бұл облыс орталығында ашылып отырған алғашқы мектептер, олар балаларға қадамдық қолжетімділікте мемлекеттік тілде сапалы білім беруді қамтамасыз етеді.Жаңа мектептер еліміздің Конституциясының 30 жылдығы, сондай-ақ қазақтың тұңғыш ғалымы, тарихшы, этнограф және ағартушы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуын мерекелеу жылы өз тарихын жаза бастайды.Осындай маңызды оқиғалар оқушылар мен педагогтардың шынайы патриотизмінің кепілі болатынына сенімдімін», – деп атап өтті.
Республикалық бюджеттен 14 млрд. теңге жұмсалған «Береке» шағын ауданындағы 1200 орындық №31 және«Аэропорт» шағын ауданындағы 900 орынға арналған № 32 жалпы білім беретін мектептері әлемдік трендтерге сәйкес толық жабдықталған. Сапалы білім беру үшін жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасалып отыр.
Оқу кабинеттері компьютерлік жабдықтармен, интерактивті тақталармен, шет тілдер кабинеттері - лингафондармен жарақталған. Оқушылардың зерттеу мәдениетін дамыту үшін химия, биология, физика, информатика кабинеттері, робототехника, сондай-ақ STEAM-зертхана да пайдалануға дайын.
Мектептердің бірнеше спорт залдары мен хореография залдары, қажетті құралдармен жабдықталған жайлы асханалары бар. Әрбір мектепте акт залы балалар өз таланттарын дамыта алатын өнер студиясына айналуы мүмкін. Еңбекке баулу шеберханаларында станоктар және тігін жабдықтары қойылған.Мектептер ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға бейімделген, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін лифт, пандустар жұмыс істейді, арнайы санитарлық бөлмелер жабдықталған.
Мектептерде мемлекеттік тілдегі көркем кітаптардың үлкен қоры бар оқу залымен кітапханалар, оқушылар мен педагогтар үшін ыңғайлы коворкинг аймақтары, жоғары жылдамдықты интернет – осының барлығы сапалы білім алып, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жайлы жағдай жасайды.Мектептердің ашылуында ата-аналардың да, балалардың да қуанышында шек жоқ. Қала ақсақалдары мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға өз жылы лебіздерін білдірді.
Екінші сынып оқушысының анасы Нұргүл Әубәкірова қуанышымен бөлісті:
«Біз Берекедегі мектепті асыға күттік! Бұрын менің ұлым басқа шағын аудандағы мектепке баратын, оны жеткізу және қарсы алу қиындық тудыратын. Енді, міне, жақын жерде орналасқан мектепте біздің балаларымыз үшін ең жақсы жағдайлар жасалған. Біз тек жақсы оқып қана қоймай, мектеп өміріне белсенді қатысуға тырысамыз!».
Жаңа мектептерде 167 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 100-ге жуығы мұғалімдер. Педагогикалық ұжымдардың міндеті - ата-аналармен және оқушылармен бірге қаланың үздік мектептерінің дәстүрлерін жалғастыру, Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қосуға дайын еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеу болып табылады.
2024 жылы облыста 1200 орындық 2 мектеп ашылды. 2025 жылы 4,5 мың орынға арналған тағы да 7 мектептің ашылуы жоспарланған.ланируется открытие еще 7 школ на 4,5 тыс.мест.
コメント