top of page

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясында Ғылым қызметкерлері күні аталып өтті

Алматы қаласындағы «Ғылым ордасы» ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған ірі салтанатты іс-шара өткізді.


В Национальной академии наук при Президенте РК состоялось празднование Дня работников науки

Еліміздің ғылыми жұртшылығын келе жатқан Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтай отырып, Ақылбек Күрішбаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ғылымға ерекше назар аударғанын, қазіргі әлемде экономиканың сөзсіз инновацияға сүйенуге тиіс екенін атап өтті. 

 

Мемлекет басшысының қолдауының арқасында елде ғылымды дамытуға, оның қоғамдық өмірдегі рөлі мен орнын арттыруға бағытталған бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдануда. 2019 жылдан бері білім мен ғылымға салынған инвестиция 5 еседен астам өсті, жас ғалымдарға әлеуметтік көмек көрсету, оның ішінде оларды баспанамен қамтамасыз ету шаралары айқындалды, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң қабылданды.


«Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ғылымға ерекше назар аударып, қазіргі заманда экономика, міндетті түрде инновацияға негізделуге тиіс екенін атап өтті. Адамзат тарихындағы барлық жетістіктерге білімнің арқасында қол жетті, ал қазіргі озық технологиялар заманында ғылымсыз ешқандай прогресс мүмкін емес.

В Национальной академии наук при Президенте РК состоялось празднование Дня работников науки

Соңғы жылдары Мемлекет Басшысының тікелей қолдауының арқасында ғылымды дамытуға, оның қоғамдық өмірдегі рөлі мен орнын арттыруға бағытталған елімізде бұрын-соңды болмаған ауқымды шаралар қабылданып жатқанын ерекше атап өтуіміз керек. 2019 жылдан бастап білім мен ғылымға салынған инвестициялар 5 еседен аса өсті, тұрғын үй беруді қоса алғанда, жас ғалымдарға көрсетілетін әлеуметтік көмек шаралары нақты айқындалды, "Ғылым және технологиялық саясат туралы" жаңа заң қабылданды.


Өткен жыл Ұлттық Академия үшін жаңартылған заңнамалық және нормативтік база негізінде институционалдық қалыптасу жылы болды. Жаңа заңға сәйкес Академия "ҚР Президентінің жанындағы" деген ерекше мәртебеге ие болып, еліміздің жалғыз жоғары ғылыми ұйымына айналды.


Жаңа ережелерге сәйкес Академия мүшелерінің негізгі құрамы сайланды. Әлемдегі 20 озық елдің тәжірибесіне сүйене отырып, Академияның 2035 жылға дейінгі Даму стратегиясы әзірленіп, бекітілді. Дамыған елдердің тәжірибесі бойынша және Кореяның KISTI институтының көмегімен ситуациялық және болжамды аналитика, форсайттық зерттеулер жүйесін құру процесі аяқталады. Отандық ғылым саласындағы жүйелік кемшіліктерді және ғылымды басқару жөніндегі тиісті министрліктердің жұмысындағы олқылықтарды анықтау бойынша жұмыс басталды, әлемдік тәжірибе мен оның даму тенденциялары зерттелуде.


В Национальной академии наук при Президенте РК состоялось празднование Дня работников науки

 

Академия шешуге атсалысып жатқан тағы бір маңызды мәселе – ғылымды аймақтық деңгейде дамыту. Дәл осы ғылымның дамымауы жергілікті деңгейде инновацияларды ілгерілетудегі басты тежеуші факторлардың бірі болып отыр. Біз жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында өңірлерде Академия Президиумының 5 көшпелі отырысын өткіздік.


Академия қызметінің маңызды бағыты ғылым саласына жастардың келуі үшін жағдай жасау болды. Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет Ұлттық академия жанынан Жас ғалымдар кеңесі құрылды. Кеңес мүшелері Парламент қабырғасында "Ғылым және технологиялық саясат туралы" заң жобасын талқылау барысында ғылымның жаңа заңнамалық негізін құруға белсенді қатысты. 2024 жылдың қараша айында Қазақстанның жас ғалымдарының "Жас Сәтбаевшылар" I Конгресі өтті.


Сондай-ақ, өкініштісі, бір кездері бизнесмендердің, олигархтардың, мемлекеттік қызметкерлердің де академик атанғанын айта кеткен жөн. Алаяқтық схемалар мен сыбайлас жемқорлық ойлары болды. Академия мұндай іс-әрекетпен мүлдем келіспейді. Еліміздің Президенті айтқандай, академиктердің құрамы мінсіз болуы керек. Біз Ғылым және жоғары білім министрлігінен біздің ұсынысымызды тыңдап, академиктерді сайлау критерийлері туралы жаңа ережеде біздің көзқарастарымызды ескеруді сұраймыз.


Жоғарыда айтылған істердің барлығы алдымызда тұрған үлкен жұмыстардың бастамасы ғана. Ендігі біздің мақсатымыз – ол басталған реформаларды жалғастыра отырып, зерттеу қызметін ұйымдастырудағы кемшіліктерді жоюға, ғылыми ізденістердің тиімділігін арттыруға, ғылымның өндіріспен байланысын нығайтуға бағытталған және сол сияқты басқа да ауқымды істерді жүзеге асыру.


Бұл міндеттерді шешу көбінесе ғылыми кадрлардың құзыреттілік және кәсіби деңгейіне тікелей байланысты. Сондықтан да біз ғылыми кадрларды даярлаудың үйлесімді жүйесін құру, олардың біліктілігін арттыру, моральдық және материалдық ынталандыру шараларын одан әрі жетілдіру, ғылым саласына жас таланттарды тарту тетіктерін әзірлеу және іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударуымыз қажет.


Тек осылай ғана біз ғылымыздағы орын алған артта қалушылықты еңсеру, ғылымды жетекші елдер деңгейіне шығару және қоғамымыздың дамуының қозғаушы күшіне айналдыру үшін жағдай жасай аламыз», – деп түйіндеді ҚР ҰҒА президенті.


В Национальной академии наук при Президенте РК состоялось празднование Дня работников науки

Ғылым және жоғары білім министрлігінің атынан ғылыми қоғамды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Жанқуатов Ғалымжан Жандосұлы құттықтады:


«Бүгінгі таңда ғылымның алдында тек білім ғана емес, салаларды, өндірісті және адамдардың өмір салтын өзгерте алатын шешімдерді жасау міндеті тұр. Технологиялық дайындықты бағалау әдістемесін енгізу маңызды кезең болды. Бұл жоба өміршең және нәтижеге бағытталған болуы керек дегенді білдіреді.

Елімізде заманауи ғылыми инфрақұрылым құрылуда. Алдыңғы қатарлы университеттердің жанынан инженерлік орталықтар, технопарктер, зертханалар ашылуда, онда ғалымдар тек зерттеу жүргізіп қана қоймай, өз өнертабыстарын тәжірибе жүзінде жасап, сынақтан өткізе алады.


Ғылымды цифрландыруға көп көңіл бөлінуде. Бірыңғай цифрлық экожүйе құрылды, онда ғалымдар, ұйымдар мен сарапшылар өтінім беруден нәтижелерді енгізуге дейін біртұтас ақпараттық кеңістікте өзара әрекеттесе алады.


ЖИ – болашақтың басымдығы. ҚР ҒжЖБМ пәнаралық зерттеу топтарын, жаңа зертханаларды және білім беру бағдарламаларын жасай отырып, бірқатар шараларды жүзеге асыруда. AI SANA – ЖИ негізінде шешімдерді дамыту мен тестілеуге арналған ұлттық платформа ерекше орын алады. Ол Қазақстанда жасалған технологиялар үшін ЖИ қауіпсіздігін, ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ете отырып, зерттеушілердің, әзірлеушілердің және бизнестің тартылыс нүктесіне айналады.


Дарындыларды қолдаудан бастап стандарттарды енгізуге дейінгі барлық жұмыс ғылыми саясаттың бірыңғай логикасымен жүргізілуге тиіс. Елімізде 25 мыңнан астам ғалым болса, оның жартысына жуығы жас мамандар.


Құрметті әріптестер! Сіздер еліміздің зияткерлік капиталын жасап жатсыздар. Сіздердің жұмыстарыңыз – тұрақты дамуға, қауіпсіздікке және технологиялық тәуелсіздікке салынған инвестиция. Министрліктің және жеке өзімнің атымнан кәсіби шеберліктеріңіз, іске адалдықтарыңыз және ғылымды дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін».


Осы мереке қарсаңында өткен жылдың қорытындысы бойынша үздік деп танылған қазақстандық ғалымдардың жетістіктері атап өтіліп, оларға мемлекеттік және ведомстволық наградалар, мерейтойлық төсбелгілер, жас ғалымдарға тұрғын үй сертификаттары табыс етілді.




Ғылым ордасының ауласында ерекше символдық мәні бар «Сәтбаев сакураларын» жаңғырту рәсімі ұйымдастырылды. Бұл бастама тек қоршаған ортаны қорғауға үлес қосып қана қоймай, сонымен қатар еліміздегі ғылымның тарихына деген құрмет пен тағзымды білдіреді. Сакура ағаштарын алғаш осы жерде академик Қаныш Сәтбаевтың құрметіне өткен ғасырдың 60-шы жылдары жапон делегациясы отырғызғаны белгілі.

Салтанатты отырғызу рәсіміне академиктер, депутаттар, жапондық делегациясы мүшелері, ғылыми қоғамдастық белсенділері қатысты.


 «Сәтбаев сакурасының» тарихы бойынша «Ақиқат» журналының 2024 жылғы 30 сәуірдегі ақпаратында келесі мәліметтер келтірілген:


«Жапониядан келе жатқан қонақтар Мәскеуден шығып, Алматыға тура тартты. Халықаралық кедендегілерді олардың қолындағы ағаштары таң қалдырды. Декларацияда бұл ағаштар жапон азаматтары атынан қазақ ғалымы Қаныш Сәтбаевқа деген құрмет пен разылық үшін жіберілген. Кеңес үкіметі мен Қазақстан басшыларынан осы сакура ағаштарын Қазақстанның Ғылым академиясы жанына отырғызуды сұрап, өтініш жазылған хат қоса тіркелді. Ағаштардың шын мәніндегі жапон елінің символы болып саналатын сакура ағашы екені анықталғаннан кейін арнайы орындардың келісімімен Алматыға алып кетуге рұқсат етілді».


«Сәтбаевтың құрметіне академияның жанына тігілген үш сакураның екеуі жайқалып өсті. Ақ пен күлгін, қызғылт түс араласқан сакура гүлінің әсемдігіне ел сүйсініп, «Сәтбаев сакурасы» деп атап жүрді. Жетісудың климатына шыдамай көп ұзамай қурап не солып қалады деген сакура ағаштары отыз жылға тарта өмір сүрді. Сакура отырғызылғаннан кейін көп ұзамай оларды құртуға жауапкершілік алған пенделер де, артынша пәрмен берушілер де фәниден бақиға бұйрық келіп, аттанып кете барды. Көп ағаштармен қатар бой түзеп тұрған екі сакура да орнығып алып еді, әттең бұл екі ағаштың тарихынан да, қасиетінен де хабарсыз әкімдіктегі кейбір құрылыс пен жөндеу жұмыстарын басқарып отырған басшылар бұлардың не өрік не шие ағашы екенін ажырата алмай кесіп тастауға шешім шығарып қойды. «Ана екі өрік ағашын кесіп тастаңдар, жақында басталатын жөндеу жұмыстарына кедергі келтіреді» деген жоғарыдан келген пәрменді бұйрықтан кейін қаланы абаттандыру қызметінің екі жұмысшысы мен бір бригадирі келіп, жапон аруларындай бұрала назданып, көркі көз тартып тұрған екі сұлу талға өткір балтаны аяусыз сілтеп тынды».


Ұлттық ғылым академиясының ішкі ауласында өсіп тұрған ерекше символдық мәні бар «Сәтбаев сакураларын» жаңғырту рәсімі тек қоршаған ортаны қорғауға үлес қосып қана қоймай, сонымен қатар еліміздегі ғылымның тарихына деген құрмет пен тағзымды білдіреді. 


В Национальной академии наук при Президенте РК состоялось празднование Дня работников науки

Ғылыми-өндірістік орталықтар мен институттарға, университет зертханаларына өз өнертабыстарын халыққа ұсынуға мүмкіндік берілді. Ғылыми-инновациялық әзірлемелер көрмесінде ұшқышсыз ұшатын аппараттарды, денсаулыққа пайдалы азық-түлік өнімдерін, адамдарға ғана емес, жануарлар мен өсімдіктерге арналған биологиялық белсенді қоспаларды, тіпті әлемнің бірнеше ірі елінде ғана бар инновациялық косметиканы көруге болады.



Ұлттық ғылым академиясындағы іс-шара отандық ғалымдардың кездесуіне себеп болған айтулы оқиға, олардың сіңірген еңбегін тану, жетістіктерін көрсету, сондай-ақ жас зерттеушілерді көтермелеу және инновациялық әзірлемелерді ілгерілету үшін маңызды алаң болды.


В Национальной академии наук при Президенте РК состоялось празднование Дня работников науки

 

Commentaires


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page