ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Tether компаниясымен және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен (IITU) бірлесіп, блокчейн-технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы — Tether компаниясымен серіктестікте әзірленген «Блокчейнді игеру» атты жаңа білім беру курсын іске қосады.

Бұл курс 10-11 мамырда Грузияның Тбилиси қаласында өткен Tether «Pioneering Progress» халықаралық форумында қол жеткізілген келісімнің бөлігі болып табылады.
Жоба блокчейн-технологиялар саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған, бұл экономиканы цифрландыруда және озық технологияларды енгізуде маңызды қадам болады.
Ынтымақтастық аясындағы бұл курстар студенттерге:
орталықтандырылмаған жүйелерді әзірлеу;
криптовалюталарды құру және пайдалану;
сондай-ақ блокчейннің басқа аспектілері бойынша озық білім мен практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік береді.
Курсты биыл 29 қазанда іске қосу жоспарланып отыр және оқу 26 қарашаға дейін жалғасады.
IT-мамандықтарының студенттері, сондай-ақ жаңа перспективалы салада барлық терең білім алғысы келетіндер қатыса алады.
コメント