31.05.2024.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Бейжің тіл және мәдениет университетінің (Beijing Language and Culture University) Президенті Дуань Пэнмен кездесті, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Делегация құрамында халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Донг Чуан, шетелдік студенттер департаментінің директоры Ма Сяолэй және халықаралық білім беру департаменті директорының орынбасары Ван Лян болды.
Кездесудің басты тақырыбы ретінде Астанада Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалын ашу мәселесі талқыланды. Күн тәртібінде құқықтық және қаржылық аспектілер, филиалды тіркеу, академиялық бағдарламалар және студенттерді тарту процесі кірді. Министр Саясат Нұрбек ведомство филиалдың ашылуын толық қолдайтынын атап өтті.
Comentários