top of page
Search

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі мен ҚХР білім министрінің екіжақты кездесуі

4.07.2024.


3 шілде күні, Қытай Халық Республикасының Президенті Си Цзиньпиннің Қазақстанға ресми сапары аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Қытай Халық Республикасының Білім министрі Хуай Цзиньпэнмен екіжақты кездесуі өтті.


Саясат Нурбек встретился с министром образования КНР Хуай Цзиньпэном

3 шілде күні, Қытай Халық Республикасының Президенті Си Цзиньпиннің Қазақстанға ресми сапары аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Қытай Халық Республикасының Білім министрі Хуай Цзиньпэнмен екіжақты кездесуі өтті.


Саясат Нұрбек өзі сөзінде Хуай Цзиньпэнді екі ел басшыларының қатысуымен Astana International University  базасында  Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалының ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ Л. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында Лу Банның екінші шеберханасын ашып жатқаны үшін алғысын білдірді. 


Кездесу аясында тараптар екі ел арасында студенттердің білім алмасуы, Қазақстан азаматтары үшін Қытай тарапынан бөлінетін гранттар санын ұлғайту туралы мәселелерді талқылады. Сондай-ақ еліміздегі Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының (CityU, BLCU және ЖМПУ) филиалдарына гранттар (стипендиялар) бөлуге, ҚХР жоғары оқу орындары жанындағы зерттеу және ғылыми орталықтарда қазақстандық ғалымдардың (500 ғалым) ғылыми тағылымдамадан өтуіне жәрдемдесу туралы мәселелер көтерілді.


«Бүгін екі жақты келіссөздер барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев екі ел арасында ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық та нығайып келе жатқандығын баса атап өтті. Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалының және екінші «Лу Бань шеберханасы» ашылуының куәсі болдық. Оқу орындары жақын арада өз нәтижесін көрсетеді деп үміттенеміз. Бүгін Қазақстан үшін де, Қытай үшін де айтулы күн деп айтуға болады», – деді Саясат Нұрбек.

Қытай Халық Республикасының Білім министрі Хуай Цзиньпэн өз кезегінде Қытайдың жоғары оқу орындарында білім алатын қазақстандық жастардың саны, жоғары оқу орындары филиалдарының ашылуы, ғылым саласындағы бірлескен жобалар екі ел ынтымақтастығының нығайуының нышаны екендігін атап өтті.

© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page