11.03.2024.
ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглованың төрағалығымен Үкіметаралық гранттар бойынша қорытынды комиссияның кезекті отырысы өтті, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Комиссия шешімімен 326 қазақстандық Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға ұсынылды.
Білім беру гранттарын тағайындау туралы соңғы шешім Қытай Халық Республикасының тарапынан қабылданады.
Грант академиялық оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сонымен қатар студенттерге ай сайын стипендия төленеді. Оқу ағылшын немесе қытай тілінде өтеді.
Ұсынылған үміткерлер тізімімен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ bolashak.gov.kz сайтында танысуға болады.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ үкіметаралық гранттардың әкімшісі бола отырып, өтінімдерді қабылдайды және үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.
Comments