БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаев мемлекеттік білім гранттарын бөлу кезінде кімдер үшін квота қарастырылғанын айтты.
Оның айтуынша, білім министрлігінде квота бөлінетін негізгі 9 топ бар.
Олардың ішінде:
көпбалалы отбасыларға – 5%,
толық емес отбасылар – 1%,
бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға – 1%,
қандастар – 4%,
жетім балаларға – 1%,
ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер – 0,5%,
ауыл жастары – 30%,
"Серпін" бағдарламасы – 10%,
мүгедек балалар үшін – 1% квота.
"Бұл квоталар бойынша ешқандай өзгеріс жоқ. Әдеттегідей осы топтардан шыққан балаларға осы квота аясында гранттар беріледі", - деді Әділет Тойбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетері, биыл ҰБТ 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді.
Талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен гранттарды тағайындау конкурсына қатыса алады.
ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгермейді – үш міндетті және екі таңдау бойынша. Тест тапсырмаларының саны – 120. Ең жоғарғы ұпай саны – 140. Тестілеуге 4 сағат (240 минут), ал ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қосымша 40 минут уақыт беріледі.
Comments