top of page
Search

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы «Қазақстан ғылымын дамыту мәселелері: басымдықтар мен сын-қатерлер» форумын өткізді

Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырған «Қазақстан ғылымын дамыту мәселелері: басымдықтар мен сын-қатерлер» халықаралық форумы өтті.


Вызовы и приоритеты развития казахстанской науки

Форумға қатысушылар Қазақстанның 2027-2030 жылдарға арналған ғылыми және технологиялық дамуының басым бағыттарын талқылауға баса назар аударды. Іс-шараға бейінді министрліктердің басшылары, жетекші ғалымдар мен сарапшылар, инновациялық кәсіпорындардың өкілдері жиналды.

Қатысушыларға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов құттықтау сөз сөйледі. Ол іс-шараның әртүрлі білім салалары өкілдерінің қазақстандық ғылымның ағымдағы сын-қатерлерін, стратегиялық басымдықтары мен перспективаларын талқылау алаңы ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Ол сонымен қатар ЖОО ғылымының белсенді дамып жатқанын атап өтті:

«Медициналық университеттерде ғылыми-зерттеу институттары, технопарктер, ғылыми-зерттеу зертханалары, стартап жобаларды дамыту бойынша коммерцияландыру кеңселері ашылады, шетелдік әріптестермен ғылыми ынтымақтастық географиясы кеңейтіледі, бизнес құрылымдар тартылады, ғылым қорлары мен эндаумент қорлары құрылады».


Сонымен қатар, министрдің айтуынша, Қазақстанда ғылым қаржыландырудың жетіспеушілігі, ғылыми инфрақұрылымды дамыту қажеттілігі және зерттеуге тартылған жас мамандар санының артуы сияқты бірқатар сын-қатерлерге тап болуда.

«Денсаулық сақтау министрлігі магистратура мен докторантурада ғылыми кадрларды даярлау бағыттарын кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде, биоинженерия, биоинформатика, биофармацевтика сияқты дербестендірілген медицинаны дамыту үшін қажетті жаңа бағыттар пайда болды, «500 ғалым» жобасы шеңберінде әлемнің үздік ғылыми-зерттеу орталықтары мен университеттерінде пост-докторантура, ғылыми тағылымдамалар бағдарламалары енгізілді, - деп атап өтті Тимур Мұратов.

Форумда Академия жүргізген, 30-дан астам форсайт-сессиядан және ғалымдармен, бизнес өкілдерімен және мемлекеттік органдармен болған терең сұхбаттардан тұратын форсайт-зерттеулердің нәтижелері ұсынылды. Нәтижесінде 200-ден астам перспективалы ғылыми міндет анықталды. Зерттеу келесідей салаларды қамтыды:

- Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;

- Өмір және денсаулық туралы ғылым;

- Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі;

- Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін ұтымды пайдалану, экология;

- Геология, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар;

- Энергетика және машина жасау.

 


«2023 жылы Ұлттық ғылым академиясы пре-форсайт бойынша дайындық жұмыстарын жүргізді; алдыңғы зерттеулерді талдай отырып, ғылыми-инновациялық экожүйеге шолу жасалды, ал биыл Қазақстан үшін 6 басым бағыт бойынша ғылым форсайт басталды. Ғылыми қоғамдастық, өнеркәсіп және кәсіпкерлік секторды білдіретін 1100 респондентпен сұхбат жүргізілді, ғылыми зерттеулер үшін 200 перспективалық міндет тұжырымдалды».
Келесі кезеңде, яғни келесі жылдары барлық қалған бағыттар форсайттық зерттеулермен қамтылатынын атап өткім келеді-деп түсіндірді ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев.

Сондай-ақ форумда биомедицина мен IT саласында жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу этикасы, ғылым мен индустрияның өзара әрекеттестігі: бизнеске ғылыми шешімдерді енгізу тетіктері тақырыптары қозғалды.



Форум шеңберінде ғылым мен технологияларды дамытудың серпінді бағыттарын айқындау үшін Корея ғылыми-техникалық ақпарат институтымен (KISTI) ақпараттық-талдамалық жүйелер саласындағы озық білім мен тәжірибе трансферті бойынша, Ресей ғылым академиясымен IT, АӨК, ТМК және медицина, басқа бағыттар бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.



Comments


bottom of page