Ұстаз... Ол кім?.. Ол қандай адам?.. Осынау сөздің астарында үлкен сыр жатыр. Дегенмен, кез-келген адам ұстаз бола алмайды. Ол үшін үлкен мейірімділік пен жүректілік керек. Әрине, бұл – әрбір баланы жеке тұлға етіп шығару, қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі – өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар - тарапқа жетелеуші. Ұстаз – бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі. Ұстаз деген сөзді, ұстаз деген мамандықты мен ең қасиетті құндылық деп есептеймін. Себебі, ұстаздың алдына келмейтін адам болмайды. Әр бала үшін ұстаз оның екінші анасы, әкесі, досы. Неге? Себебі, баланың кішкентай жүрегі осы ұстаздан жылулықты, қамқорлықты сезіп, қамқоршы ретінде қабылдап, әрі өзінің жақын досындай санап, емін-еркін ішкі жан-дүниесімен сырласа алады.
Ұстазға тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар – ожданы, намысы, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту. Бұл ұстаздың терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады. Әр баланы жас ерекшелігі, мінез-құлқы, өскен ортасына қарай танып, азамат қылып қалыптастыру, оны әрі қарай дамыту – әр ұстаздың міндеті. Ұстаз қандай болу керек? – деген сұрақтың жауабын дана, данышпан Абай атамыздың шығармаларынан табамыз. Ол «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» иесі. Елбасымыз «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ХХI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациалық технологиялар, реформалар сияқты өзіндік көріністерімен ерекшеленеді.
Ұстаздың басты мақсаты – шәкірттерін өмір сүруге және адам болуға баулу. Әлемдік білім беру жүйесі де жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Бұл ұстаным Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында жан – жақты сипатталған: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу». Сондықтан бүгінгі ұстаз оқушыларға белсенді әрекеттер жасауға жағдай жасауы керек, ол: ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесу, пікір таластыру. Осы қасиеттің бәрі ұстаз бойынан табылу керек.
Бүгінгі күні білімді дайын қалпында қабылдамай, оны өздігімен құрастырудың тұлғаны дамытатындығы, құрастырылған білімнің есте ұзақ мерзімде сақталатындығы дәлелденіп отыр. Білім игеру процесінің ең басты мәселесі мен мақсаты үйренушілердің белсенді әрекеттерін ұйымдастыру. Белсенді әрекеттер арқылы шәкірттер білімді өздігімен меңгереді, үйренеді Ұстаз – шебер. Ол сенім атмосферасын қалыптастырып, мейірім шапағатын сыйлайды. Ұстаз оқушылардың қызығушылығын арттырып, олармен бірге ізденеді, жұмыс жасайды. Ұстаз – білімге шығаратын жолды нұсқаушы, осы жолмен өзі де жүріп келеді.
«Заманына қарай адамы» деп, осы өзіміз өмір сүріп отырған уақытқа сай ұлтжанды, білімді ұрпақ тәрбиелеп шығару міндетіміз. Қасиетті білім ордасы мектепке білсем, көрсем, білімді азамат болып өссем деп үлкен арманмен келіп отырған кішкентай азаматтарды оқытып, тәрбиелеуге ұстаздық ықыласпен қарау – парызымыз. Ұстаз қашанда – жаңалықтың жаршысы. Қорыта келгенде, ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Елбасымыз халыққа арналған жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деген болатын. Қашан да білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің яғни, жас ұрпақтың тағдыры – бүгінгі ұстаздардың қолында. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткізетінімізге сенемін.
Созақ ауданы, Ләнде Бөкенов атындағы
жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі
Шарипа Сейілбековна ОДАНОВА
АННОТАЦИЯ
«Учитель... Кто он?... Что он за человек?... За этим словом скрывается большая тайна. Не каждый может быть учителем. Это требует большой доброты и сердечности. Каждый ребёнок уникален. Его душа – это отдельный мир. А учитель – проводник этого мира. Учитель – это тот, кто может изменить жизнь ребенка, это наставник и надежный помощник родителей». Педагог казахского языка и литературы общеобразовательной средней школы им. Л. Бокенова Созакского района Шарипа Оданова делится своими размышлениями о том, какому статусу должен действительно соответствовать настоящий учитель.
Comentários