top of page
Search

Әлихан Бөкейхан университетінде Республикалық хакатон өтті

Әлихан Бөкейхан Университетінде студенттер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған «HACKATHON-2023» жас IT майталмандарының республикалық хакатоны өз мәресіне жетті. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Хакатон - бұл IT саласында түрлі бағдарламалар мен мобильді қосымшаларды әзірлейтін мамандар мен әуесқой өрендердің белгілі бір уақыт шеңберінде, берілген тақырып пен мақсат-міндеттерге сәйкес арнайы IT өнімдерін әзірлеуге бағытталған командалық сайыс түрі.


Әлихан Бөкейхан Университетінің «Abai IT-Valley» технологиялық кластері ұйымдастырған республикалық хакатонға Абай облысы, Семей, Өскемен, Қарағанды қалаларынан 30-дан астам жас майталмандар жиналды.


Олар 4 күн ішінде Абай облысы мен Семей қаласының туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған мобильді қосымшаларды әзірлеумен айналысты.


3 сәуір күні хакатон қатысушылары IT саласының мамандары мен Абай облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму және Білім басқармаларының өкілдерінен құралған қазылар алқасының алдында өз конкурстық жұмыстарын қорғады.


Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Семей қаласының №7 мектеп лицейінің оқушылары Нұрлыхан Маратов пен Темірлан Темірбаевтан құралған «SVT» командасы иеленді. Хакатон жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен 100 мың теңге көлеміндегі қаржылай сертификат табысталды.


Әрі жеңімпаздар байқау барысында әзірлеген өз өнімдерін кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының техникалық тапсырмасы бойынша жетілдіріп, келісімшарт негізінде, қосымшаның тұрақты жұмыс жасауына техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік алды


Екінші жүлделі орынды Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық Университетінің студенттері Мұқтар Нұриден, Асхат Махамбет, Анель Далабаева, және Мадина Серікболдан құралған Esseba команасы жеңіп алды. Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен 50 мың көлеміндегі сертификат табысталды


Сонымен қатар, жекелеген қатысушыларға арнайы номинациялар да берілді. Атап айтқанда: «Таза код» - Даурен Бабланов; «Үздік дизайн» - Шәкәрім университетінің «Creators» командасы; «Үздік идея» – Р.Байсейітов ат. Қаржы-экономикалық; колледжінің «IT SFEK» командасы.



© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page