top of page
Search

Әсет Мұханбетов Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры тағайындалды

15.03.2024.


ҚР Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры болып Әсет Ғарифуллаұлы Мұханбетов тағайындалды.


Асет Муханбетов

Әсет Мұханбетов 1988 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

2010 жылы М. Тынышбаев ат. Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы А. Мырзахметов ат. Көкшетау университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Магистр дәрежесі бар.


Еңбек жолын 2007 жылы Алматы мемлекеттік көлік және коммуникация колледжінде Арнайы пәндер оқытушысы болып бастаған.


2014-2015 жылдары - Алматы теміржол колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.


2015-2017 жылдары - Алматы теміржол колледжі директорының оқу-өндірістік практика жөніндегі орынбасары.


2017-2021 жылдары - Алматы қаласы Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы.


2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы» МКК директоры қызметтерін атқарды.

Comments


bottom of page