top of page
Search

Әуезов Университетінде жаңа студенттік жатақхана пайдалануға берілді

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері жаңа оқу жылында соңғы үлгідегі жатақханаға орналасты.


Auezov University

Басқарма төрағасы-ректор м.у.а. Қайрат Нұрманбетовтың айтуынша, университет Мемлекет басшысының студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау бағытында белсенді жұмыс істеуде. «SUNRISE CY» ЖШС университет білім алушыларына 550 орынға лайықталған жаңа студенттер үйін салды. Жатақхананың ашылуына университеттің профессор-оқытушылар құрамы, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері және студенттер қатысты.


«Жаңа жатақханамыз қонақ үй үлгісінде бой көтерді. Заман сұранысына сай ғимараттың әр бөлмесінде жуынатын орындар, жиһаздар мен ауа баптағыштар орнатылған. Жаңа студенттер үйінде білім алушылар бос уақытын тиімді өткізу үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. Жалпы биылғы оқу жылында студенттерден 2565 өтінім түсіп, олардың барлығы жатақханамен толық қамтылды. Сондай-ақ университетімізде жатақхана бойынша ешқандай қиындық туындамайды», – деп атап өтті университеттің Басқарма төрағасы – ректор м.у.а. Қайрат Нұрманбетов.
Auezov University

Серіктестік директоры Бексұлтан Қуанышбекұлының айтуынша, жобаға 1,7 млрд. теңге қаржы жұмсалып, заманауи үлгіде жасалған. Жатақхананың бір бөлмесінде 2-3 студенттен тұрады. Әр бөлмеде тұрмыстық техника, жиһаздармен жабдықталып, жуынатын бөлме қарастырылған. Студенттерге арналған оқу залы, демалыс аймағында кинотеатр және тағы басқа да қажетті заттар бар. Тек студенттер ғана емес, жатақхана магистранттар және докторанттарға да арналған, сондай-ақ оқу орнына өте жақын орналасқан.



Атап өтейік, Әуезов университетінде білім алушыларға арналған 8 жатақхана болса, жаңа студенттік үй мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында пайдалануға берілген төртінші жатақхана.


Comentarios


bottom of page