2024 жылғы 30 қыркүйекте Әуезов университетіне Америка Құрама Штаттарының жетекші университеттің бірі - Миннесота университетінің ғалымдары, оның құрамында Білім және адами ресурстарды дамыту колледжінің Ұйымдық көшбасшылық, саясат және даму департаментінің Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің директоры Баскара Упадиай Даахаль, сонымен қатар инклюзивті білім беру және халықаралық жоғары білім беру саласындағы тәжірибелі ғалым-практик Кристофер Дж. Джонстоун қонаққа келді.
Шет елдік мамандар арнайы дәріс мен семинарлар өткзуде. Миннесота университетінен келген әріптестеріміз Әуезов университетінің басшылығымен кездесіп, ғылыми және білім беру ынтымақтастық мәселелерін талқылай отырып, екі-жақты негізгі бағыттарын айқындады. Кездесу барысында шетелдік делегация университіміздің ғылыми және зерттеулік инстуттары мен орталықтардың жұмыстарымен жетістіктерімен танысты.
Сапар шеңберінде Миннесота университетінің ғалымдары 30 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Әуезов университеттің Физика, Информатика, Заманауи тілдер және аударматану кафедраларының білім алушылар мен оқытушаларға арнап ғылыми воркшоптар мен ашық дәрістер өткізеді.
コメント