top of page
Search

Әуезов Университетінде әлемдік ғалымдар дәрістер сериясын өткізеді

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде ақпараттық технологиялар, экономика және инновациялар саласындағы әлемнің үздік ғалымдары дәрістер сериясын өткізеді. Бұл туралы Астанада өткен «Nobel Fest: Цифрлық Апгрейд» халықаралық Нобель фестивалінде айтылды, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Отандастарымызды білімге, ғылымға және инновацияға тартуды көздейтін фестивальді қазақстандық жоғары оқу орындарының арасынан ең алғаш болып Auezov University қолдады.


Айта кететін жағдай, Auezov University Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері, климат және тұрақты даму бойынша №1 сарапшы Рае Квон Чунг атындағы жаңа климаттық экономика орталығы ашылған болатын. Бұл – жасыл технологиялар және климаттық өзгерістердің ауыл шаруашылығына әсерін қысқарту қағидаттарында экономикалық дамудың жаңа моделін енгізу жөніндегі Орталық Азия мен ТМД-дағы алғашқы институт.


«М. Әуезов атындағы ОҚУ жанынан ашылған бірегей орталық оңтүстік өңірдің тұрақты даму саясатында өзіндік зор ықпалын тигізіп отыр. Әсіресе, бұл бастама білім ордасының ғылыми-зерттеу университетіне ауысу барысында бизнес-ортамен интеграцияланған ғылымды дамытудың жаңа моделін құруға үлкен мүмкіндік беруде», – деді М. Әуезов атындағы ОҚУ ректоры Дария Қожамжарова.

















© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page