top of page
Search

Әуезов Университетіне шетелдік мамандар мен ғалымдарды тарту тәжірибесі

Университет Ауэзова

Білім берудің жаһандануы, интеграциясы және интернационалдандырылуы соңғы онжылдыққа тән әлемдік үрдістердің бірі болып табылады. Білім беруді интернационалдандыру бүгінде әлем елдерінің білім беру саясатының маңызды құрамдас бөліктерінің біріне айналуда.

Арида Турымшаева Университет Ауэзова

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің даму стратегиясы аясында қабылданған заманауи қоғамның жаңа форматында дамытуға бағытталған университетіміздің миссиясы мен көзқарасын атап өткеніміз жөн.

Оның мақсаты – университетті халықаралық ынтымақтастықтың белсенді қатысушысы ету, стратегиялық білім беру және ғылыми серіктестіктерді кеңейту, университеттің халықаралық білім беру кеңістігіндегі имиджін ілгерілету.

Бүгінгі таңда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті –ғылыми мектептері қалыптасқан, жоғары технология саласындағы аса күрделі мәселелерді шешуге қабілетті кадрлық әлеуеті мен сексен жылдық тарихы бар дамыған көпсалалы Қазақстанның ең ірі университетінің бірі.

Шетелдік ғалымдармен және әріптестермен бірге білім беру және ғылым саласында бірлескен жобаларды іске асыру, тәжірибе алмасу, дәрістер өткізу, мақала шығару және магистранттар мен докторанттарға ғылыми жетекшілік ету халықаралық ынтымақтастықты дамыту саласындағы басымдықтардың бірі.

Шетелдік тәжірибе алмасу оқытушылар мен ғалымдардың кәсіби дамуына айтарлықтай үлес қосып қана қоймай, ЖОО-ның Халықаралық ғылыми-білім беру қоғамдастығында танылуына ықпал етеді.

Интернационалдандырудың маңызды бағыттарының бірі – шетелдік ғалымдар мен мамандарды тарту. Бірлескен тарту ынтамақтастығына нақтырақ тоқталатын болсақ, қазіргі таңда келесідей бағыттар бойынша жүзеге асырылады: яғни Жоғары оқу орындарына оқытушылық қызметке тарту үшін шетелдік мамандар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламасы аясында Эразмус +, English fellowship, Фулбрайт бағдарламалары, бірлескен ғылыми жобалар, келісімдер мен меморандумдар, шетелдік елшіліктердің қолдау көрсетуі негізінде оқу үдерісіне тартылады. Сонымен қатар, шетелдік мамандар арасында ниет білдірген дербес кандидаттар бір жылдық оқу мерзіміне шақырылады.

Университет Ауэзова
Университетімізде 2020 жылы пандемия кезінде М. Әуезов атындағы ОҚУ қаражаты есебінен қаржыландырылатын шетелдік мамандарды оқытушылық қызметке виртуалды (қашықтықтан) тарту бағдарламасы жұмыс істей бастады.

Аталған бағдарлама 2020 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің қаржыландыруымен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, шетелдік ғалымдарды виртуалды тарту бойынша ынтымақтастықты жалғастыру және дамыту мақсатында шақырылған 28 шетелдік ғалым бір семестр бойы бакалавриат, магистратура және PhD докторантураның білім беру бағдарламаларының оқу жоспарына сәйкес дәрістер өткізді. Виртуалды тарту шеңберінде шетелдік білім беру ұйымдары сәтті қолданатын білім берудегі жаңа технологиялар мен әдістемелерді енгізу тақырыптары бойынша университет оқытушылары үшін шеберлік сыныптары, тренингтер форматында бастамашылық кездесулер өткізілді.

Мәселен, 2021 жылы тартылған шетелдік мамандар мен ғалымдардың саны – 95, 2022 жылы бұл көрсеткіш 188-ге дейін өсті, оның 10-ы шетелдік ғалым ҚР БҒМ бағдарламасы аясында Польша, Хорватия, Түркия, Ұлыбритания, Малайзия, Германия елдерінен 4 апта болу мерзімімен тартылды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша шетелдік ғалымдар мен оқытушылардың саны 200-ден астам оқытушыны құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігінің шетелдік мамандарды тарту бағдарламасы аясында 11 шетелдік ғалым Түркия, Малайзия, Болгария, Иран, Үндістан елдерінен тартылды. 2 шетелдік ғалым Акдениз университетінен Рамазан Эрдем (Түркия) және Ислам университетінен Шамсоллах Ганбари (Иран) 8D07206 – Тоқыма материалдарының технологиясы және дизайны, 8D07110 – Автоматтандыру, басқару және деректерді өңдеудің цифрлық жүйелері білім беру бағдарламалары бойынша докторанттардың ғылыми жетекшілері болып табылады.

Есепті кезеңде 11 шетелдік маман жас ғалымдар мен оқытушылар үшін 267 сағат дәріс, 93 сағат семинар және 92 тренинг өткізді.
Университет Ауэзова

Жас ғалымдармен және докторанттармен бірлесе отырып, 6 жоба әзірленіп, Scopus, Web of Science және т. б. деректер қорларында индекстелген 17 бірлескен ғылыми мақаланы жариялау жоспарланып отыр. Шетелдік ғалымдардың оқытушылық қызметінің қорытындысы бойынша білім алушылар арасында қанағаттану дәрежесі бойынша сауалнама жүргізілді және оның нәтижесі 90,9-100%-ды құрады. Сондай-ақ, 2023 жылы кафедралармен бірлесе отырып, 30 дәйексөз индексі бар ғалымдар тартылды, осы бағдарлама аясында алғаш рет дәрістерді, семинарлар мен кеңес сабақтарын өткізу үшін Махатма Ганди университетінің вице-канцлері Аравинда Кумардың тартылғанын атап өткен жөн. Географиялық тұрғыдан қарастыратын болсақ, Малайзия, Түркия, Ұлыбритания, АҚШ, Хорватия, Италия, Болгария, Оңтүстік Корея, Үндістан сияқты елдерге басымдық беріліп отыр. Оның ішінде Путра Малайзия университеті, Загреб университеті, Эге және Акдениз университеттері университетіміздің стратегиялық серіктестері болып табылады.

Университет Ауэзова

Соңғы жылдары университетімізге тәжірибе алмасу мақсатында Орталық Азия елдерінің университеттері мен ғылыми институтарының жетекші мамандары қызығушылығының арта түсу тенденциясы орын алып отыр. Басты себеп – университеттің халықаралық танымалдылығы. Оқу орнымыздың 7 жаһанды әлемдік рейтингте орын алуын, мәселен QS World University Ranking аймақтық рейтингінің үздік ТОП 150 Азия университеттерінің қатарына кіруін, университеттің алғаш рет ARES, GreenMetric, RankPro сияқты халықаралық рейтингтерге қатысу арқылы белсенді позицияларын, сонымен қатар ағымдағы жылы «Химия ғылымдары» әлемдік пәндік Rank Pro рейтингісі бойынша университетіміз алғаш рет Қазақстанның жалғыз өкілі ретінде ТОП-401-500 ЖОО қатарына енуін атап өту қажет.

Университет Ауэзова

Университетімізде химиялық инженерия, биотехнология, тамақ және тоқыма инженериясы, мұнай және газ өндіру, құрылыс және көлік, ақпараттық технологиялар, аграрлық өнеркәсіп сияқты жоғары мектептер мен факультеттердің оңтүстік аймақта дамуы мен қалыптасуы – аса маңызды басымдықтардың бірі.

Аймақтық ынтымақтастық шеңберінде университетіміздің Орталық Азия елдерінің форумдары мен көрмелеріне белсенді қатысуы екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықтың нығаюына ықпалын тигізеді.

2023 жылды қорытындылай келе, Әуезов университеті Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдерінде өткен іс-шараларға қатысып, университеттің жетістіктері мен мүмкіндіктерін көрсетіп, танымалдылығын арттырды.

Университет Ауэзова

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті интернационалдандыруды стратегиялық серіктестікті дамыту арқылы елдегі және шет елдегі университеттердің ықпалын күшейту құралы ретінде қарастырады, оның ішінде академиялық қоғамдастық шеңберін кеңейтіп, шетелдік зерттеушілер мен оқытушыларды бірлескен өзара ынтымақтастыққа тартады. Аталған бағыттар елімізде де, әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігінде де білім беру сапасы мен университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етіп, университеттің беделін арттыруға, ғылыми жаңалықтарға қол жеткізуге, қосымша сыртқы интеллектуалды және қаржылық ресурстарды тарту мүмкіндігіне ие болатыны сөзсіз.

Осылайша, интернационалдандыру жағдайында білім беру мен ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыруы мен экономиканың орнықты өсуіне өз септігін тигізеді.

2023 жылдан бастап М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне зерттеу университеті мәртебесі берілді. Осы орайда, университетіміз зерттеу және кәсіпкерлік экожүйені құра отырып, университет ғылымын инновациялық қызметке қайта бағдарлауды және университет ғылымының жұмыс істеуінің жаңа қағидаттарын қалыптастыруды, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі ғылыми нәтижелерге қол жеткізуді және экономикалық қызметке серпінді инновацияларды енгізуді басты мақсат етіп көздеп отыр.

Университет Ауэзова

Университеттің миссиясын өзгертуді және оған қол жеткізуді көздейтін бағыттарда ғылым саласы ерекше орын алады. Университеттегі ғылымның маңыздылығы оның теориялық жетістіктері мен практикалық қосымшаларымен қоса, шетелдік ғалымдардың ғылымның өзекті мәселелері аясында бірлескен жобаларды нәтижелі жүзеге асыруды көздейді.

Қазіргі таңда университет ғалымдары Үндістан, Малайзия, Бразилия, Пәкістан, Түркия елдерінен шетелдік жетекші мамандарды тарта отырып, азық-түлік және су қауіпсіздігінің тұрақты дамуына едәуір үлес қосатын жобаларды жүзеге асыруды жоспарлауда.

 

М. Әуезов атындағы

Оңтүстік Қазақстан университеті

Халықаралық байланыстар орталығының директоры

Арида ТУРЫМШАЕВА

 

АННОТАЦИЯ

Директор Центра международного сотрудничества Южно-Казахстанского университета имени Мухтара Ауэзова Арида Турымшаева рассказывает о стратегии развития и миссии вуза, делится опытом по расширению научного партнерства в зарубежными университетами, продвижению имиджа университета в международном образовательном пространстве. Университет Ауэзова является одним из крупнейших вузов южного региона Казахстана.

Comments


bottom of page