top of page
Search

"Өзін-өзі тану" пәні мектептерде факультатив ретінде өтеді


Мектептерде "Өзін-өзі тану" міндетті пән тізімінен шығарылады. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі хабарлады.


Министрлікке "Өзін-өзі тану" пәнін білім бағдарламалары тізімінен шығару туралы ұсыныстар келіп жатыр.


Яғни қыркүйектен бастап "Өзін-өзі тану" пәнін бұрынғыдай 1-11 сыныптар емес, тек бір сыныпта ғана оқушылардың таңдауы бойынша оқыту жоспарланған.


"Қазір білім және ғылым министрлігінің Ұлттық білім академиясы аталған міндетті пәнді мектептерде келесі оқу жылынан бастап факультативтік санатқа ауыстыру бойынша жоба енгізді", - деп хабарлады министрлік.

Пәнді факультативтік тізбеге ауыстыру бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын жаңарту және білім алушылардың оқу жүктемесін азайту жөніндегі шаралар шеңберінде жүргізіледі.


Айта кетері, "Өзін-өзі тану" пәні мектеп бағдарламасына Сара Назарбаеваның бастамасымен енгізілген.




Comments


bottom of page