top of page
Search

Өндірістік оқыту сабағы. Доңғалақ жұбының ақаулығы және жөндеу. Доңғалақ жұптарын куәләндіру

Г. АРЫНҒАЗЫ,

«Қарағанды теміржол колледжі» КМҚК



Модуль/пән атауы: КМ 4 Локомотивтің жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру

2024 жылғы "22" мамыр

1. Жалпы мәліметтер

Курс: 2, топ: ЭМК-22

Сабақ тақырыбы: Доңғалақ жұбының ақаулығы және жөндеу. Доңғалақ жұптарын куәләндіру

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

2. Мақсаты: Доңғалақ жұбының ақаулығын анықтау, жөндеу жұмыстарын білу, куәләндіру түрлері, мерзімдері және тәртібің меңгеру және тәжірибеде қолдану

Міндеттері:

Білімділік: Топпен жұмыс істей білу, коммуникативтік дағдыларын дамыту, өз ойын баяндап, өзгелерді тыңдай білу, ойын дәлелдей алу, топ мүшелерінің міндеттерін анықтай алу

Дамытушылық: Доңғалақ жұбының ақаулығын анықтау, жөндеу жұмыстарын білу, куәләндіру түрлерін меңгеру барысында   білім алушылардың ұқыптылық пен жауапкершілік қабілеттерін қалыптастыру мәдениетті сөйлеуге, әр сөзді өз орнына қолданып пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Тәрбиелік: Сабақ барысында ұстамдылыққа, зеректілікке, еңбекқорлыққа уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

3. Күтілетін нәтиже: Доңғалақ жұбын куәләндіру маңызын түсінеді. Доңғалақ жұбының жұмыс технологиясын біліп, ақаулықтарды анықтап, өлшемшарттарын үйреніп шығады.

4. Қажетті ресурстар: Слайд, үлестірмелік қағаздар, қос доңғалақ макеті, VR «Дөнгелек моторлы блок механизм», арнайы шаблондар, технологиялық карта, қажетті көрнекіліктер

5. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі  (3-5мин)

Білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Белсендік таныту бойынша сабаққа қатысып отырған барлық студенттерді тақырып бойынша қызметтік лауазымдарға бөлетінімізді алдын ала айтып өту. Сабақ барысында белсене және дұрыс жауап беріп қатысып отырған студенттерге асықтар беріледі және сабақтың сонында асықтың санына қарай ұпайға бағаланады.

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау (10-15 мин)

Ұлттық құндылықтарды ескере отырып «Арқан тартыс» ойыны арқылы 10 сұрақ өткен тақырып бойынша, ұпайға асықтар беріліп отырады.

Сұрақтар

1.Өз мамандықтарыныздың толық атауы

2. Локомотив дегеніміз не?

3. Электровоз дегеніміз не?

4. Доңғалақ жұптары дегеніміз ...

5. Доңғалақ жұбының типтері?

6. Доңғалақ жұптарына қойлатын негізгі талаптар қандай?

7. Доңғалақ жұптарын өлшеуге арналған шаблондарды атаңыз

8. Доңғалақ диаметрі?

9. Абсолюттық шаблон не үшін қажет?

10. Қандай ақаулықтарды білеміз?

11. Жиі кездесетін бір ақаулықты атап және қосымша ақпарат беріңіз

12. Доңғалақ жұптын ара қашықтығы неше мм?

13. Вагондарда неше білікті ДЖ қолданылады?

14. Доңғалақ жұбының орташа салмағы

 

ІІІ. Жаңа сабақты  түсіндіру (тәжірибелік жұмыс) (170-178 мин)

Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру, технологиялық картамен жұмыс 

Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі локомотивтердің доңғалақ жұптарының жарамды күйіне байланысты.

Доңғалақ жұптарының ақаулары: бандаждардың тозуы-прокат, шұңқырлар немесе сырғымалар, жотаның кесілуі; бандаждың, доңғалақ орталығының, тісті доңғалақтың әлсіреуі; тісті доңғалақ тістерінің жарықтары, ойықтары, сынықтары; білік мойнындағы жарықтар, ойықтар және т. б. бандаждың сырғанау бетіндегі ойықтар немесе сырғымалар доңғалақ жұптарының кептелуіне байланысты пайда болады, сондай-ақ  дұрыс тежеемегенде, роликті мойынтіректерді бұзылғанда беріліс кептелісі пайда болады. Доңғалақ жұптарын арбаның жақтауына дұрыс орнатпау немесе тепловоздардың шағын радиусты қисықтары бар учаскелерде жұмыс істеуі кезінде де пайда болады. Жақтаудағы доңғалақ жұбы қисайған кезде, артта қалған доңғалақтың жолақ жотасының рельсіне және жолақ бойымен көлденең сырғанау жүреді.

  



Сондай-ақ доңғалақтардың бетіндегі домалау, сырғымалар, жарықтар, астыңғы кесулер, ойықтар мен қуыстар болып табылады. Көбінесе темірбетон шпалдары рельстердің түйіскен жерінде жарылған кезде, доңғалақта чиптер жасайтын соққы пайда болады. Ең қауіптісі - осьтер мен дөңгелектердегі жарықтар.

Тексеру тәртібі:

Домалау бетіндегі ақаулар дөңгелектің рельске соғылған дыбысы арқылы визуалды және дыбыстық бақылау арқылы анықталады.

Акустикалық тестілеу кезінде үнемі қайталанатын соққы дыбысына ерекше назар аудару керек, домалау бетінде ақаудың болуы, сонымен қатар доңғалақ пен арбаның қозғалысын көзбен бақылау. Доңғалақ жұбы кептелгенде, ол тән ысқырықпен немесе ұшқын шығарумен «тайғақ» қозғалыс жасайды. Жолдағы доңғалақ жинақтарын тексеруді жүзеге асыру диагностикалық аппаратура да қолданылады, соның ішінде ақаулы доңғалақ детекторы.

Жарықтардың болуын тексеру фонарь (жарық беру үшін) көмегімен көзбен жүзеге асырылады. Сыртқы түрі бойынша, жарықшақ жұқа металл доңғалақтың бетіндегі қиғаш сызық.

Доңғалақ жұптарын басқару балғасымен қағып, дыбысын тыңдайды, сол арқылы ақаулығын анықтайды.

Егер тежегіш төсеніштері босатылған кезде дөңгелек жұптарын айналдыру шеңберін ұру кезінде біркелкі қоңырау (звонкий) дыбысы шықса, онда

жарықтар жоқ дегенді білдіреді. 

Күңгірт немесе дірілдеген (глухой, либо вибрированный) дыбыс доңғалақтарда жарықшақтың бар екенін көрсетеді; сондай-ақ бұлыңғыр дыбыс дөңгелектің жиегінде көп қар (мұз) немесе бояу мен тот көп екенің білдіреді.

 



ТЖҚ тексерулерінен басқа ДЖ жұмыс барысында қарапайым және толық куәләндірудан өтеді

ДЖ куәләндіру жұмыстарының барлық түрлерін орындауға емтиханнан өткен қызметкерлер ғана құқылы. ДЖ куәләндіруді жүргізу құқығын беретін куәлік төмендегі қызметкерлерде болуы керек:

- доңғалақ цехтарының бастықтары, бастықтарының орынбасарлары, технолог пен шеберлер, доңғалақ цехтарының бақылау бөлім бастықтары мен техникилық бақылау бөлім шеберлері, локомотивтерді қабылдаушылар,  локомотивтерге техникилық қызмет көрсету цехтарының шеберлері.

ДЖ техникалық жағдайы мен жарамдылығын тексерген жағдайда ТУ-28 кітабіне тіркеледі, ТҚК -2 жасалған жағдайда ТУ-28 кітабіне тіркелмейді және де ТҚК-7 моторлы-вагондарға қөрсетілген жағдайларды қоспағанда,          ДЖ қарапайым куәләндіру толық куәләндіру арасында жүргізіледі, ТЖҚ астынан шығару және орынына келтіру кезінде

Толық куәләндіру келесі жағдайларда жүргізіледі:

- ДЖ жөндейтін зауыттар мен кәсіпорындарда ТЖҚ элементтерін ауыстыру мен (кем дегенде бір элемент) және локомотивтерді күрделі жөндеуден өткізу кезінде;

- соңғы толық куәләндірудің таңбалары мен белгілері түсініксіз болған кезде;

- апаттан, қақтығысудан кейін ДЖ зақымы болған кезде немесе рельстерден түсу және рельстерде көрінетін зақым келген жағдайда, бандаж профиліне ауытқулар анықталған жағдайда;

ДЖ қарапайым куәләндіру кезінде ТЖҚ астындағы ДЖ тексеру және қосымша бақылау жұмыстары төмендегі жағдайларда өткізіледі:

- кірден және майдан тазалау және жуу машинасында жуу;

- белгіленген таңбалар мен белгілерді тексеру;

-магниттік дефектоскоппен ашық біліктердің бөліктерін, тістерін тексеру, гидравликалық және қаптамалары бар механикалық жетектері бар магниттік дефектоскопия, тістердің күйін тексеру, ультрадыбыстық дефектоскопия жүргізу;

- ДЖ белгіленген төзімділік және тозу нормаларына барлық элементтер өлшемдерінің сәйкестігін тексеру

- серіппелі қапшықтармен тісті донғалақ тойтармаларының күйін тексеру, тісті берілістің ішіндегі тістің тығыздығын жай күйін бақылау

-серіппелі элементтері пластиналарымен дискілердің жай күйлерін тексеру;

- тісті доңғалақтарының бекіту сақиналарын тексеру;

- тербелу мойынтірегі бар топтарды тексеру;

- біліктің ашық жерлерін бояу.

Қарапайым куәләндіруді техникалық бақылау бөлімінің шеберлері, локомотив қабылдаушылар және дефектоскопист жүргізуі тиіс, барлық нәтижені ТУ-21 формалы кітапқа және ДЖ паспортына еңгізу қажет.

Толық куәләндіру кезінде қарапайым куәләндіру жұмыстары мен қатар қосымша келесі жұмыстар атқарылуы тиіс:

- Жарамсыз элементтерді ауыстыру;

- ДЖ бояудан тазарту (құйылған өнделмеген доңғалақ орталарын бояудан тазаламауға болады, егерде ол жарықтардың болуын көзбен бақылауға кедергі келтірмесе);

- ДЖ бүйірлік шайбаларды алу арқылы тісті доңғалақтырың пластиналарын және ойықтарын тексеру;

- магниттық дефектоскоппен тісті доңғалақтардың болттарын тексеру;

- тісті доңғалақты болттардың тығыздығын салқындату арқылы тексеру;

- болт басындағы гайкаларды 200гр балғамен ұру арқылы тығыздығын дыбыспен анықтайды;

- локомотивтердің ДЖ барлық элементтерін бақылау қызмет ету мерзімі 8 жылдан асса тексеру және қайта құру;

- толық куәләндірудің белгілері мен таңбалын қою;

- букс торабының блок механизмін бұзу.

ДЖ жөндеу пунктері толық куәләндірумен элементтерді ауыстыру үшін ДЖ ескі  бояудан тазарып металл ретінде шыққанға дейін тазалайтын құрылғылармен қамтылуы тиіс.ДЖ металл щеткаларымен тазалау рұқсат етіледі.

Жол машиналарында ДЖ механикадық тазалау үшін техникалық жуғыш ерітінділері  қолданылады. Ерітінділердің концентрациясы, олардың температуралары технологиялық құжаттамаға сәйкес және белгіленген  тәртіппен бекітілуі тиіс. ТЖҚ ДЖ жуу кезінде ылғал редуктор корпусының роликті мойынтірегінің ішіне кіріп кетпес үшін консистенциялы маймен толтырлуы керек және қорғаныс қабығымен жабылуы тиіс.

Студенттерге тапсырма Арнайы шаблондар арқылы ДЖ ақаулықтарын тексеру және VR арқылы букс торабының блок механизмін бұзу.

 

Қауіпсіздік ережесі

1 Доңғалақты жұптарды қарау, куәләндіру, жөндеу және қалыптастыру кезінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету МЕМСТ талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.

2 Доңғалақты жұптарды жөндеу Еңбек қауіпсіздігінің қосымша талаптары бойынша еңбекті қорғау жөніндегі жергілікті нұсқаулықтарда, өндірістік процестерге арналған технологиялық құжаттамада және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі кәсіпорындардың стандарттарында белгіленуі тиіс.

3 Жөндеудің барлық түрлері кезінде тиісті техникалық құжаттамада тағайындалған өлшеу, бақылау құрылғылары мен аспаптары қолданылуы тиіс.

4 Доңғалақ жұбын тексеру кезінде, берілген макетті орнынан қоғап, жылжытуға болмайды, адамның аяғына түсіп кеті қауіпі бар.

5 VR құрылғысын пайдалану кезіңде, 3D көзілдірік киген соң шамасынша бір орнынан қозғалмаған дұрыс, өйткені құрылғыға жалғанған сымдарға шалынып құлау қауіпі басым.


Хаттамаға қол қойдырту

Тапсырма: Студенттерді теміржол қызметкерлеріне бөлу, оларға куәліктерін беріп, әр қайссы жаңа тақырыпта өткен лауазымдардың міндеттері бойынша бірінші топ доңғалақ жұбының макетіндегі ақаулықтарды арнайы шаблондар арқылы анықтайды және жұмысқа жарамдылығын тексереді. 2 ші топ  VR жабдығы арқылы букс торабының блок механизмін бұзу жұмыстарын жасайды. Және сабақ барысында бір бірімен ауысып тәжірибеден өтеді.

IV. Жаңа сабақты бекіту (25-30 мин)

«Joteka» қосымшасы арқылы квест ойынымен сабақты бекіту. Студенттер алдарындағы планшет арқылы берілген кодты алып, квесттегі берілген сұрақтарға тек қана дұрыс жауаппен есікті жылдам ашу арқылы сабақты бекітіп, бағаланады.

V. Рефлексия: 5 мин











Студенттер берілген суретке сабақты қалай түсінгені бойынша келбетін  толықтыру. Эмоция










Жаңа тақырып

1 түсінікті

2 әліде сұрақтарым бар

3 мүлдем түсініксіз

4 қайтадан өтуім қажет

 

VI. Қорытындылау, бағалау (5-7 мин)

Рефлексияның қорытындысын талдау, асықтың саны бойынша бағалау, жіберген қателерді талқылау.

 

VII. Үй тапсырмасы (1 мин):

Барлық тақырыпты қайталай отырып, модуль бойынша қорытынды жасау және қосымша ақпарат іздеп, басқа елдермен салыстыра отырып ерекшеліктерін зерттеу.

 


Жас маман жобасы бойынша тақырыпқа сәйкес алынған жабдықпен жұмыс жасау; Букс торабының блок механизмін бұзу; 3D көзілдірікті тағып, берілген нұсқама бойынша қауіпсіздікті сақтай отырып, нұсқама бойынша тапсырманы орындау.



Comments


bottom of page