top of page
Search

Өнер саласындағы отандық жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу үшін емтихандар өтіп жатыр

31.07.2024.


Еліміздің өнер саласындағы жоғары оқу орындары мен колледждеріне 2024-2025 оқу жылына талапкерлер қабылданады. Үміткерлер таңдаған білім беру бағдарламасына байланысты шығармашылық емтихандар тапсырады. Комиссия мүшелерінің қатарында Қазақстанның халық және еңбек сіңірген әртістері бар, «Замануи білім беру» журналы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


абитуриент

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы магистратураға 65 үміткер қабылдады. Жоғары оқу орнының бакалавриатына түсуге 324 талапкер үмітті. Олардың арасында Ресей, Қытай және Өзбекстан азаматтары да бар. Вокалды өнер, арт-менеджмент және фортепиано, домбыра бөлімдеріне түсуге ниетті талапкерлер қатары көп.


Қазақ ұлттық өнер университетінің бакалавриатына 817, магистратураға 127 талапкер өтініш берді.


Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бакалавриатына 864 адам құжат тапсырды. Магистратураға 150 талапкер қабылданды.


Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжіне 93 талапкер өтініш берді.


Мәдениет және ақпарат министрлігі еліміздің 10 оқу орнында шығармашылық кадрларды даярлайды. Оның қатарында 4 жоғары оқу орны, 4 колледж және 2 арнайы мектеп бар.


2024-2025 оқу жылына 895 бакалавриат, 166 магистратура және 26 докторантураға білім гранты бөлінді. Кәсіптік және техникалық білім беру мекемелері арасында 550 бюджеттік орын бөлінді. Бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 50 грантқа көп.



Comments


bottom of page