Білім беруді жаңғырту жағдайында біліктілікті арттыру ұйымдарының қызметін өзгерту, олардың қоғам сұраныстарына жауап беру, сонымен бірге педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру мен педагогикалық шеберлігін дамытуда, білім беру мазмұнын жаңартуды әдістемелік қамтамасыз етуде өз жұмысын жаңартып, жетілдіру ерекше маңызды.
Өрлеу орталығының біліктілікті арттыру жүйесінің негізгі мақсаты жаңа педагогикалық білім мен технологияларды қолдануға ғана емес, оларды әзірлеуге, жүргізіліп жатқан реформалар контекстінде өзінің кәсіби қызметіне рефлективті өзгерістер енгізуге қабілетті педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады.
Оқу процесінде жасанды интеллекті пайдаланудың болашағына қатысты оң көзқарастар қалыптасуда. Қазіргі таңда мұғалімдердің бұл нейрожелінің алдындағы қорқынышы – белгісіздік. Дегенмен,
технологияның дамуы және жасанды интеллектің үнемі өзгеруі қарым-қатынастың маңызды түрі болып табылатын тұлғааралық қарым-қатынасқа әсер етпейді.
Цифрлық әлемде болып жатқан осындай өзгерістер қарқынды жылдамдықпен өзгеріп, дамып келеді, сондықтан педагогтер үздіксіз білімін жаңартып, жетілдіріп отыруы керек. Осыған байланысты Өрлеу қазіргі таңда өзекті және сұранысқа ие тақырыптар бойынша біліктілікті арттыру курстарымен қатар түрлі іс-шаралар өткізеді.
Мысалы, Өрлеу Алматы қаласы бойынша филиалы Кәсіби даму институтында өткен «Оқыту процесінде жасанды интеллект құралдарын қолдану ерекшеліктері» тақырыбындағы Республикалық шеберлік-сыныбы мысалында білім беруде ЖИ қаншалықты тиімді қолдануға болатыны туралы сөз қозғағымыз келеді.
Адамзат жаңа жасанды интеллект дәуірі қарсаңында тұр. «Жасанды интеллект» сөзін алғаш рет Джон Маккарти есімді америкалық ғалым қолданды. Ол басында математикалық теоремаларды автоматты түрде дәлелдеуге арналған компьютерлік бағдарлама еді. Кейін жүйе алгоритмдік жұмыспен ғана шектелмей, білім жинау, талдау жасау, мәселе шешу, жоспарлау, болжау сияқты функцияларды үйренді. Яғни, тура адам сияқты «жасанды интеллектіге» ойлау қабілеті енгізілді. Ол үшін адам миындағы нейрондық желілердің сандық форматтағы көшірмесі жасалды.
Шеберлік-сыныбының басты мақсаты – педагогтерге жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқыту тәжірибесінде қолдану мен таратуда әдістемелік қолдау көрсету және тәжірибе алмасу.
Институт директоры Мелдебеков Ержан Турганбайұлы жасанды интеллект технологиясын білім беруде жауапты және тиімді пайдалану мен қолдануға болатын әртүрлі әдістер және оның ықтимал артықшылықтары туралы айтып өтті. Сонымен қатар ЖИ әртүрлі салаларды, соның ішінде білім беруді жылдам өзгертеді. Білім берудегі жасанды интеллект интеграциясы біздің оқу, оқыту және бағалау әдісін өзгертеді. Жасанды интеллектпен жұмыс істейтін құралдар мен қолданбалар білім алушыларға жекелендірілген және бейімделген оқу тәжірибесін ұсынады, мұғалімдерге арналған әкімшілік тапсырмаларды автоматтандырады және жалпы білім беру нәтижелерін жақсартатынын атады.
Тұтастай алғанда, шеберлік-сыныбы білім берудегі жасанды интеллектінің қазіргі жағдайына және оның болашақ оқуды өзгертуге арналған әлеуетіне толық шолу жасауға бағытталған.
Жасанды интеллект білім беру саласында үлкен өзгеріс жасау мүмкіндігіне ие, бұл жекелендірілген оқытудың жаңа мүмкіндіктері мен білім алушылар үшін жақсартылған нәтижелер ұсынады. Жасанды интеллект жүйелерінің сенімді және бейтарап болуын қамтамасыз ету қажеттілігі сияқты шешілуге тиіс міндеттер болғанымен, білім берудегі жасанды интеллект артықшылықтары анық. Жасанды интеллект технологиясы ілгерілеуді жалғастыра отырып, алдағы жылдарда Жасанды интеллектің білім берудегі бұдан да инновациялық қосымшаларын көреміз деп күтуге болатынын айтып сәттілік тіледі.
Іс-шара барысында спикерлер келесі тақырыптар бойынша «Особенности использования инструментов ИИ в учебном процессе/Платформа D-ID Studio (ИИ)», «Оқыту процесінде жасанды интеллект платформаларын тиімді пайдалану», «Изучение ИИ в школе», «Жасанды интелект деген не және оның адамзатқа пайдасы мен зияны», «Сабақты жоспарлау үшін ChatGPT қалай пайдалануға болады», «Білім берудегі жасанды интеллектінің ерекшеліктері» шеберлік-сыныбын көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті, ал қатысушылар түрлі платформалар мен бағдарламаларда жұмыс жасау алгоритмін үйренді.
Studio D-ID платформасын қолдана отырып, сөйлейтін ЖИ жүргізушілерімен бейне презентациялар жасауға болады. Бұл инновациялық тәсіл уақыт пен ресурстарды үнемдейді әрі бейне контент жасаушылардан бастап білім беру платформаларында кеңінен қолданылады.
Бұл платформаның артықшылығы – фотореалистік немесе анимациялық жасанды интеллект аватарларының кең таңдауы бар. Studio D-ID бейнелерін әртүрлі тілдерде де жасауға болады, бұл мұғалімдерге қарапайым командаларды орындау арқылы әмбебап бейне мазмұны жасауға мүмкіндік береді — көптілді актерлердің немесе қосымша бейнелердің қажеті жоқ.
ChatGPT мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара әрекеттесу тәсілдерін жетілдіру арқылы білім сапасын жақсартуға көмектеседі.
Сонымен қатар осы ChatGPT жасанды интеллект құралының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы айтады. Ол технологияны қолданып, нейрондық желі пайдаланушының ең «мүмкін емес» командаларын орындай алатындығы туралы айтты. ChatGPT мұғалімдерге ресурстарды тиімді бөлуге мүмкіндік беретін көмекші бола алады.
Педагогикалық тұрғыдан алғанда, ЖИ маңызды когнитивтік қабілеттердің негізі болып табылатын дағдыларды алмастыратындай етіп, адамдарға оқудағы қиын жолдарды жеңуге мүмкіндік беретін құзыреттерді әзірлеу үшін жасанды интеллекті пайдалану маңыздырақ болып көрінеді. Жасанды интеллект адам миының деңгейіне әлі жетпесе де, ол шексіз сыйымдылық пен жылдам көшіруді қолдана алады.
Жоғарыда аталған тақырыптар бойынша спикерлер атап өткендей, жасанды интеллект білім беру жүйесінің тиімділігін едәуір арттыруға, оқу процесін оқушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес жекелендіруге және мұғалімдерге әкімшілік жүктемені едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект 25 оқушымен сыныпта мұғалім үлгере алмайтын оқытуды жекелендіруге және мүлдем жаңа деңгейде қалыптастырушы бағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Институттың аға оқытушысы, ақпараттандыру академиясының академигі Жартынова Жанар Әлібекқызы «Оқытудағы жасанды интеллект құралдарын қолдану ерекшеліктері» тақырыбында өз ойымен бөлісті. Жасанды интеллект адам өмірінің көптеген салаларында, соның ішінде білім беру саласында да белсенді қолданылады. Бүгінгі таңда бүкіл әлемдегі адамдар оның сапасын арттыру және қажетті кәсіби дағдыларды тиімді игеру үшін оқу процесінде заманауи технологияларды қолдануға мүмкіндік алады.
Шебер-сыныптың соңында «СМС әдісі» арқылы қатысушылардан «Как всегда все просто и понятно! Спасибо Вам большое», «Мастер класс өте жоғары деңгейде болды, ЖИ байланысты түрлі жаңа, ұтымды платформалармен таныстық», «Маған ұнады, сіздерге көп рахмет!», «Керемет, көбірек ұйымдастырсаңыздар», «Ұйымдастырушыларға мың алғыс, кәдімгідей бір жаңа серпін алдық жұмысқа деген. Жиі болып тұрғанын қалаймын!», «Өте жоғары деңгейде, қызықты және пайдалы өтті» осындай кері байланыс алынды. Осылайша нейрожелінің қол жеткізген нәтижелеріне қарамастан, ЖИ әлі де дамудың бастапқы сатысында, тіпті бұл деңгейдің өзі мұғалімдерге нәтижелі жұмыс жасау үшін жеткілікті.
Мамандар жасанды интеллект пен машиналық оқыту технологияларын қолдану жақын арада бүкіл білім беру жүйесінің эволюциясының негізгі факторы болады деп болжайды.
АННОТАЦИЯ
Автор рассказывает об основной цели Национального центра повышения квалификации «Өрлеу» – развитии профессиональной компетентности педагога, и в частности о мероприятиях, проводимых для повышения обучению преподавателей обращению с искусственным интеллектом, который всё более активно используется во многих сферах жизни человека, в том числе в сфере образования.
Comments