top of page
Search

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы. 2024 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының 11 мыңнан астам педагогі біліктілігін арттырады

5.03.2024.


Қазақстанда мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының басшылары мен педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары басталды. Курстарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы жүргізеді, «Современное образование» журналы хабарлайды.


ЕНТ

Орталықта білім беру бағдарламалары келесі басым бағыттар бойынша жүргізіледі: пәндік-кеңістіктік даму ортасы, арт-педагогикалық технологиялар, арнайы және инклюзивті білім беру. Еліміздің 17 өңірінде 10 бағдарлама бойынша тегін оқыту 26 ақпанда басталды. Биыл мектепке дейінгі ұйымдардың 11 000-нан астам педагогін қамту жоспарланған.


«Курс басталған күні 1453 педагог оқуға кірісті. Курстардың бағдарламалары оқытудың инновациялық және ойын түрлеріне бағдарланған және бала дамуының жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып құрылған. Алғаш рет мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының жаңа тәсілдерін енгізу бойынша өтпелі тақырыптарды қосу арқылы 5 модульдік бағдарлама жасалды», – деп атап өтті «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының басқарма төрағасы.

Айта кетейік, оқу аяқталған соң тыңдаушыларға 9 ай бойы курстан кейінгі жеке қолдау көрсетіледі. Курстан кейінгі қолдаудың бастапқы кезеңі тыңдаушылардың курс оқытушысымен бірге жеке даму жоспарын құру болып табылады. Бұл үшін 28 академиялық сағат бөлінеді. Педагогтерге дамудың жеке траекториясын анықтау бойынша әдістемелік қолдау мен консультациялық көмек беріледі.

Comments


bottom of page