top of page

Жаңарған әліпбимен диктант жазды


Шымкент қаласындағы Қа­­зақ­стан халқы ассам­блея­сының филиалы эт­­нос жастары арасында ла­­тын қарпіне негізделген қа­зақ әліп­биін­де ашық диктант өткіз­ді.

Қазақстан халқы ассамблея­сының бірыңғай күні аясында өткен іс-шараға қаладағы этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты мен оқу орындарындағы «Достық» клубтарының мүшелері қатысып, жаңарған әліпбиді қаншалықты меңгергенін байқап көрді.

Аталған шараны ұйымдас­тыр­ған Шымкент қалалық «Қо­ғам­дық келісім» мекемесі маман­да­рының айтуынша, этнос өкіл­­дері тарапынан латын қарпіне не­­гізделген жаңа әліпбиге деген ықылас артып келеді.

– Қазақстан халқы ассам­блея­сының «Мың бала» мәдени-ағарту жобасы аясында этнос жастарына қазақ тілін үйрету шаралары тұрақты ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі ашық диктант жастарды латын гра­фикасына негізделген қазақ әліпбиін сауатты қолдануды үйрету мақ­са­­тында өтті. Диктант 2019 jyl – Jastar jyly тақырыбына арналды. Нәти­жесінде қатысушылардың ба­сым бөлігі латын графикасын же­тік меңгергенін байқатты. Аталған акцияны бұдан кейін де жалғастыру жоспарда бар, – дейді Шымкент қа­лалық «Қоғамдық келісім» ме­ке­­месінің бөлім басшысы Мәди Бесбаев.

Бүгінде мил­лион­нан астам шымкенттіктердің 30 па­йыздан астамын этнос өкілдері құ­рай­ды.

© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page