Министрлер мен әкімдер оқушылармен бірге ағаш отырғызады
- Редакция "СО"
- 29 сент. 2019 г.
- 1 мин. чтения
3 қазан күні Қазақстан мектептерінде «Эко-сағат» кең көлемді акциясы басталады. Бұл туралы ҚР Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Достар, осы бейсенбіде еліміздің барлық мектептерінде «Эко-сағат» атты факультатив оқытыла бастайтынын қуана хабарламақпын. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. 3 қазанда Дүниежүзілік мекендеу орнын қорғау күні аталып өтеді«, - деп жазды министр Twitter-дегі өз парақшасында.
Акцияға Министрлер кабинетінің барлық мүшелері, өңір әкімдері қатысады. Олар республика мектептерінде сабақ өткізіп, кейін оқушыларға ағаш отырғызуға көмектеседі.
«Барлығы 200 мыңнан астам ағаш отырғызылмақ. Қазақстанда «эко-сағат» өткізу дәстүрге айналып, халықты экологиялық тұрғыда тәрбиелеуге едәуір үлес қосады деп сенемін», - деді ведомство басшысы. Жоспар бойынша, акцияға Қазақстандағы 6 мың мектеп пен 2 млн оқушы қатысады.