Бердібек Сапарбаев пен Алтай Көлгінов елордадағы №88 мектепке барды
- Редакция "СО"
- 28 нояб. 2019 г.
- 1 мин. чтения

Елордалық мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға арналған кабинет ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бастама «Әр бала мектепке лайықты» жобасы аясында қолға алынған.
Оның барысымен бүгін Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен елорда әкімі Алтай Көлгінов танысты. №88 лицейге барған лауазымды тұлғалар ұздармен тілдесіп, көкейде жүрген сауалдарына жауап берді. Бұған қоса, Үкімет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар жайында айтылды.
Еске сала кетейік, дәл осы мектеп-лицей еліміз бойынша алғашқы физика, химия және биология пәндері бойынша біріктірілген лабораториялық кабинетті іске қосқан болатын. Енді тағы да алғашқылардың бірі болып инклюзивті кабинетпен жабдықталды.