top of page
Поиск

Елімізде мемлекет талабына сәйкес келмейтін ЖОО жабылуы мүмкін



Елімізде талапқа сай келмейтін университеттер жабылуы мүмкін. Қазіргі таңда 5 жоғарғы оқу орнының лицензиясы уақытша тоқтатылған.


Бір университет бойынша іс сотқа жіберілді. Олардың нақты қандай жоғары оқу орындары екендігін жуық арада жариялаймыз. Білім және ғылым министрі осылай деді. Бұған дейін ол жыл соңына бірнеше жоғары оқу орнының бұрын берілген нұсқамаларды қалай орындағаны бойынша тексеру болатындығын айтқан еді. Бұзушылықтар қайта анықталған жағдайда, лицензиядан айыру және оны жабу үшін құжаттар сотқа жіберіледі.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Жоғарғы оқу орындары мемлекеттің қойған талаптарына сәйкес келмесе, жабылуы мүмкін.

Ақпарат көзі: 24.kz

bottom of page