top of page

Абай – ұлттарды өзара байланыстырушы дәнекер – Профессор Пангереев


Хакім Абайды Қазақстанның бренді ретінде әлемге кеңінен таныстыру міндет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз мақаласында ғұламаны ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттау керек екенін жазады.


Бұл көзқараспен абайтанушы ғалымдар да келісіп отыр. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университеті жанындағы «Абайтану және ұлттық руханият» ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі Абат Пангереев Абай Құнанбайұлын – қазақ халқының рухани төлқұжатына теңейді. Себебі ұлы тұлғаның туындыларымен танысқан өзге ұлт өкілдері қазақтың жан-дүниесімен де таныса алады. Сондықтан да бүгінгі ұрпақ әлемдік мәдениетте Абайды жоғары дәрежеде танытуға бар күш-жігерін жұмсаудан тартынбауы тиіс деген ойда.


Абат Пангереев, «Абайтану және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, профессор:

- «Сөз дегенім - қыз деген, рух оның күйеуі. Осы екеуін іздеген, жанды хафиз сүйеді» дегендей Абайдың сөзінің рухтығы сондай ол бұрынғы адамға да, қазіргі адамға да, ертеңгі адамға да түсінікті. Сондықтан Абай ұлттың өкілдерін, басқа ұлттың өкілдерін бір-біріне жалғастырушы дәнекер.

© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page