top of page

Қазақстанда 85 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж


Ел бойынша жоғарғы оқу орындары мен колледждерде 85 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж, деп хабарлайды «Хабар 24».


Еске салсақ, Елбасы бес әлеуметтік бастамасында 2022 жылға дейін студенттерге арнап, 75 мың орындық жатақхана салуды тапсырған болатын. Екі жылдан бері соның тек 9200 ге жуық орны пайдалануға берілді. Ал, осы уақытқа дейін тапсырылуы тиіс екі мың 190 орынды қамтитын нысандардың құрылысы әлі аяқталған жоқ. Бұл өте төмен көрсеткіш. Сондықтан аталған мәселені «Nur Otan» партиясы өз қадағалауында ұстап, бақылауды күшейте түспек, бұл жайында Мәжіліс депутаттары мен білім және ғылым министрлік өкілдерінің қатысуымен өткен жиында айтылды. Оған жоғарғы орындары мен инвесторлар арасындағы келісім шарттың ұзаққа созылуы, жердің дер кезінде бөлінбеуі, жобалық сметалық құжаттың ұзақ әзірленуі сияқты жайттар кедергісін келтірген.


Елнұр Бейсембаев, Zhas Otan жастар қанатының төрағасы:

- Біз әлі күнге дейін жастардың стреотиптен арылған жоқпыз. Студент болса оның жағдайы болмау керек. Жатын орны дұрыс болмауы қажет. Негізі олай емес қазір жағдай өзгерді. Студенттерге барлық жағдайды жасауымыз қажет. Біздің айтарымыз, бұл мәселені тікелей Елбасы тапсырғандықтан, Тұңғыш Президентіміз шегелеп айтты, «75 мың орындық жатаңханалар салынсын» деп. Біз осының орындалуын талап етуіміз қажет.

© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page