top of page

Абайдың қара сөздері чех тілінде басып шығарылады



Чех жазушысы Абайдың қара сөздерін туған тіліне аударып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».


Владислав Кучик ұзақ уақыт Қазақстан мен қазақ әдебиетін зерттеп келеді. Айтуынша, алғаш рет кемеңгер ақынымыз туралы Прагада оқитын қазақ студенттерінен естіпті. Бірақ Абай шығармашылығымен жақынырақ танысқысы келгенде, чех тіліндегі туындыларын тапқан жоқ. Осыған байланысты өлеңдері мен қара сөздерін туған тіліне аударып, кең жұртшылыққа таныстыру ойы келді. Владислав Кучик өз қара сөздерден бастауды ұйғарды. Абайдың қағидалары жерлестеріне де өте қызық болар деп санайды. Жазушы бұл аудармасын тамыз айында аяқтауды көздеп отыр. Ал күзде Қазақстан елшілігінің қолдауымен бұл кітаптің ресми тұсаукесері өтеді.


Владислав Кучик, жазушы: – Абайдың чех тіліндегі туындыларын іздеп, антиквар дүкенінде 1969 жылы шыққан жалғыз кітапты таптым. Оның шығармашылығы мені шынымен қызықтырады.


Абай 19-ғасырда достық, адамгершілік пен адам баласына тән жаман қылықтар туралы жазған. Қанша уақыт өтсе де, бұл қағидалары мен ақылдары әлі күнге дейін өзекті.

© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page