top of page
Поиск

Павлодарда қазақ тілін үйрететін волонтерлік орталық ашылды



Ертіс өңірінде қазақ тілін үйретуге бағытталған тың жоба жүзеге асып жатыр. Ол «Тіл волонтері» деп аталады. Жоба шеңберінде қалалық кітапхананың жанынан тіл үйрететін волонтерлер орталығы ашылған.


Ал сенбі, жексенбі күндері мемлекеттік тілді үйренуге ниет білдірген қала тұрғындары үшін тегін оқу курстары жүргізіледі. Онда тек тіл үйрету емес, қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпы, ұлттық құндылықтары кеңінен дәріптеледі. Мемлекеттік тілді насихаттайтын оқу-әдістемелік құралдар тегін таратылады. Латын алфавиті де үйретіледі. Тіл волонтеры жобасына Павлодар қаласының әкімдігі қолдау білдірген. Жаз мезгілінде саябақтарда, халық көп баратын демалыс орындарында сабақтар жүргізу жоспарланып отыр. Ал қоғамдық көліктер яғни автобус, трамвайларда қазақ тілін үйрететін бейнероликтер көрсетіледі. Жоғары қызығушылыққа ие болған жоба аудандарда жалғасын таппақ.


Шолпан Кенжикова, тіл волонтері жобасының жетекшісі:

- Мына волонтер орталығын ашқаннан кейін кісілер жазылып жатыр. Қазір мысалы 90-80-ге жуық адамдарымыз жазылды. Топтарға іріктеліп қосылып отыр. Әр сенбі, жексенбі күндеріміз бар сабақтарымыз, оған қоса дүйсенбіден жұмаға дейін 9-дан бастап 6-ға дейін бізде топтарымыз іріктелген. Онда тек ғана қазақ тілі емес латын қарпіне де сөз, мән болады. Себебі ол енді өте өзекті мәселе.


Ақпарат көзі: 24.kz

bottom of page