top of page

Семейде роботты техникадан чемпионат өтті



Семейде жасанды интеллект бойынша спорттық роботты техникадан чемпионат өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».


Жастар мен балалардың шығармашылық орталығында оқушылар өздері ойлап тапқан өнертабыстарын паш етті. Байқау төрт аталымнан тұрады. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген. Ойын шартына сәйкес, оқушылар сумо түрінен сайысқа түсті. Сонымен қатар кедергілерді құлатып мәре сызығына бірінші болып жетулері тиіс. Бір қарағанда қарапайым болып көрінетін тапсырма киборгтардың көпшілігін тығырыққа тіреді. Бұл байқау мектеп оқушыларының шығармашылық әрі зияткерлік қабілеттерін дамытады. Чемпионат «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылды.


Мадияр Мұратханұлы, оқушы:

– Мен бұл роботты өз сыныбыммен бірге құрадым. Біз осы турнирге жеңу үшін келдік. Кішкентай кезімнен бастап конструкторларды құрауды бастадым.


Әсем Жұмабаева, қалалық білім бөлімінің әдіскері:

– Чемпионаттың мақсаты - дарынды оқушыларды анықтау. Роботты техника жобаларын ұсынып жатыр. 66 орта мектеп және ауыл-аймақтан оқушылар қатысады. Жарыс жеңімпаздары облыстық чемпионаттарға қатысады.

© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page