top of page

Қазақстандағы білім беретін ұйымдар қашықтан оқыту жүйесіне көшуі мүмкін бе



Қазақстан Республикасының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус инфекциясынан сақтану үшін қашықтан оқыту жүйесін енгізу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Бұл ретте Білім және ғылым министрлігі құжаттар пакетін дайындағанын атап өту керек. Оның арасында қашықтан оқыту туралы да ұсыныс бар. Кей оқу орындарында мұндай режім бұрын да қолданылғанын білеміз. Әсіресе реферат дайындау, емтихан тапсыру кезінде ондай болады. Сақтық шараларының бір тармағы ретінде Білім министрлігінің жоспарында қашықтықтан оқыту қарастырылған», - деді Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.


«Егер техникалық жабдықталу деңгейі мүмкіндік берсе, біз әлбетте қарсы емеспіз. Бұл - қалыпты құбылыс. Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Заманға сай ақпараттық технологиялардың игілігін пайдалана білуіміз керек», - деді ол.


Еске сала кетсек бұған дейін Жандарбек Бекшин коронавирус инфекциясының Қазақстанға кіру ықтималдығына қатысты ғалымдар болжамымен бөліскен еді.

© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page