top of page

Ғылыми жобаларға арналған гранттың жаңа түрлері енгізілмек



2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға екі конкурс жарияланды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.


Конкурсты Ғылым комитеті ғылымды дамытудың сегіз басым бағыты бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша жариялады. Гранттық қаржыландырудың дәстүрлі түрлерімен қатар жаңа түрлері де енгізілді.


Біріншіден, жеке немесе бес адамға дейінгі зерттеу топтарының жекелеген ғылыми міндеттерді шешуіне бағытталған, мерзімі 12 айға дейінгі шағын гранттар.


Екіншіден, шетелдік ғалымдармен және ғылыми ұжымдармен ынтымақтастық аясында ірі ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған 27 ай мерзімге берілетін халықаралық коллаборацияға арналған гранттар.


Айта кетерлігі, биыл ғылыми жобаларға арналған гранттардың жаңа түрлері қарастырылған. Сонымен қатар, ғылымның нәтижелі болуын арттыру мақсатында ғылыми жетекшілер мен ғылыми және ғылыми-техникалық жобалардан күтілетін нәтижелерге қойылатын талаптар да артты.


Конкурстық өтінімдер 2020 жылғы 11 мамыр мен 26 маусым аралығында мына сілтеме бойынша «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде қабылданады.


Ақпарат көзі: inform.kz

© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page