top of page

Асхат Аймағамбетов: 15 мың телесабақ түсіріледі



15 мың телесабақ түсіріледі. Бұл туралы онлайн режимде мұғалімдердің қатысуымен өткен конференцияда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Министр қашықтан оқыту кезінде үш мыңнан астам телесабақ дайындалғанына тоқтала келе, «Шынымен де елеулі жұмыстар атқарылды. Қазір тағы да 15 мың телесабақты түсіруді жоспарлап отырмыз, себебі бізге болашаққа дайындалу керек. Пандемияның екінші немесе үшінші толқыны болмаса да, сабақ өткізілмейтін аязды күндер кездеседі. Сонымен қатар, қыста жолдың жабылуына байланысты тиісті мерзімде балалар оқи алмайтын жағдайлар да туындауы мүмкін. Осындай күтпеген жағдайлар көптеп кездеседі», - деді.


Осы орайда А. Аймағамбетов телесабақтар білім беру үшін жақсы тәсіл екенін атап өтті.


«Жалпы, телевизиялық форматта дайын болуы үшін біз оқу жылының тұтас төрт тоқсанындағы сабақтарды түсіруді жөн санадық. Қазір арнайы алаңды даярлап жатырмыз, онда әрбір мұғалім өзінің сабақтарын тиісті талаптармен түсіру мүмкіндігіне ие болады», - деді министр.


Бұдан бұрын хабарланғандай, министр телесабақтарды даярлауға белсенді қатысқан мұғалімдерді марапатады.

© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page