top of page

Білім министрі: Педагогикалық ЖОО-лар мазмұны мектеп бағдарламасынан қалып қойды


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқу бітіріп, мектепке жұмысқа келген педагогикалық ЖОО-лардың түлектері пилоттық режимде тестілеуден өтіп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Мұғалімдерді даярлауда жаңа амалдар қолданысқа енгізілуде. Енді, жоғары, бірақ педагогикалық білімі жоқ адамдар қайта даярлаудан өткеннен кейін педагогикалық қызметті атқара алады», - деді Асхат Аймағамбетов Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында.


Министрдің айтуына қарағанда, педагогикалық білімнің өзі толығымен жаңғыртылуда.


«Біз оқулық бағдарламаларын 100 пайыз өзгертіп жатырмыз. Ашығын айту керек: педагогикалық ЖОО-лар мазмұны жағынан мектептерде оқытылып жатқан бағдарламалардан айтарлықтай қалып қойды. Сол себепті осы оқу жылының соңына дейін білім бағдарламаларын 100 пайызға жаңартып, практиканың жаңа форматын енгізудеміз. Пилоттық режимде педагогикалық ЖОО түлектерінің бәрін тестілеуден өткізіп жатырмыз», - деді ол.

© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page