top of page

Цифрлық диплом: Жас маман оны қағаз күйінде де ала ма



Дипломды цифрландырған кезде оның қағаз нұсқасы да сақталып қалады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғаридің қатысуымен өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Вице-министрдің айтуынша, азаматтардың дипломы Ұлттық білім мәлімет базасында тіркеледі.


«Жоғары оқу орны және колледж түлектері дипломның қағаз түріндегі нұсқасын да алады, сондай-ақ электрондық көшірмесі де сақталады. Дипломның қағаз нұсқасы сақталады, себебі шетелге баратындар сол жақта қағаз түрінде көрсетеді», - дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари.


Сондай-ақ, ол жұмыс беруші дипломның жасанды емес екенін тек Білім және ғылым министрлігінен ғана біле алатынын айтты.


«Әрине, біз мәліметтер базасын бәріне ашып бере алмаймыз. Әр адам дипломның түпнұсқа немесе жасанды екенін өзі тексере алады. Жұмыс беруші дипломның электронды көшірмесін Білім және ғылым министрлігі арқылы ала алады. Мәліметтерді таратып жібермеу жөніндегі келісімге қол қойылады», - дейді ол.

© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page