top of page

Кей өңірде мұғалімдерге еңбекақы мен еңбек демалысы ақысын төлеуде кемшіліктер бар


Бірқатар өңірде мұғалімдерге еңбекақы мен еңбек демалысы ақысын төлеуде кемшіліктер бар. Бұл туралы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Комитет және өңірлік департаменттер бүгінгі күні педагогтерге жалақыны және демалыс еңбекақысын төлеуге мониторинг жүргізіп отыр. 1 аптаның ішінде бірқатар шара қабылданды. Дегенмен, әлі де кемшіліктер бар. Біріншіден, бүгінгі күні деартаменттер мониторинг жүргізіп, оның нәтижесінде өңірлердегі еңбек инспекцияларына кемшіліктер бар өңірлерге хаттар жолданды. Енді тексеріс басталады. Екіншіден, өңірлер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізілді. 25 маусымда еңбекақыны төлеу аяқталады деп жоспарланған. Үшіншіден, кемшілік жіберілген өңірлерде жауапты тұлғаларға тәртіптік жаза қолданылып отыр», - деді ол министрліктің аппарат жиналысы барысында.


Оның дерегінше, 10 жағдай бойынша аудандық және өңірлік бөлім басшыларына, мектеп директорларына, бухгалтер және экономистерге тисті шара қолданылған.


«Әліде өңірлерде қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Өкінішке орай бүгінгі күні үш өңір бойынша жағдай өзгеріссіз тұр. Олар: Ақмола, Маңғыстау және Түркістан облыстары. Ал тағы 7 өңірде кемшіліктер бар. Сондықтан алдағы уақыттада мониторингті жалғастырамыз», - деді Гүлзат Көбенова.


© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page