top of page
Поиск

ҰБТ-дан шеттетілген балалармен психологтер жұмыс істейді


Ұлттық бірыңғай тестілеуден шеттетілген балалармен психологтер жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Қазіргі уақытта елімізде 10 007 түлек бүгін ҰБТ тапсыруға өтініш берген. Оның ішінде қазір еліміздің 17 өңіріндегі 77 ҰБТ өткізу пунктінде тестілеу өткізіліп жатыр. 9-ы қалалық жерде, 68-і ауылды елді мекендерде орналасқан», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.


Сонымен қатар, ол тест тапсыруға жіберілмеген балалармен психологтер жұмыс істейтіндігін айтты.


«Жалпы, тестілеуден шеттетілген балалармен мектеп психологтері, ата-аналар, мектеп мұғалімдері тиісті жұмыс жүргізеді. Біз де бұл шаралардан тыс қалып отырған жоқпыз. Тесттен шекті балл ала алмай қалған балалармен де тиісті жұмыстар жүргізетін боламыз. Ал дене қызуымен келген балаларға медициналық көмек қажет болады», - деді Наужан Дидарбекова.

© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page