top of page
Поиск

Асхат Аймағамбетов Үкіметке «Цифрлық білім» жобасын таныстырды



Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкіметке «Цифрлық білім» жобасын іске асыруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Мемлекет басшысының берген тапсырмаларына сәйкес біз «Цифрлық білім» ауқымды жобасын іске асыруды ұсынамыз. Жобаның ерекшелігі қандай? Жоба негізгі үш бағытты қамтиды. Бірінші - базалық цифрлы құзырет. Барлық азаматтарға бағытталған. Мұндай бағдарламалардың мазмұнына: күнделікті өмір үшін қажет IT құралдарды пайдалану, цифрлық ортада бағдарлау, қарапайым ІТ өнімдерін жасау сияқты дағдылар кіреді. Екінші - мамандандырылған ІТ-кадрларды даярлау. Нарықтың сұранысына сәйкес жоғары сапалы, ІТ саласын терең игерген 320 мың маман дайындау көзделіп отыр. Үшінші - басқа сала жұмыскерлерін IT құзыретпен ұйқастырып даярлау. Бұл ретте барлық саланың білім алушылары IT құзыретін өз мамандығымен қоса пайдаланатын деңгейде меңгереді», - деді Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында.


Министрдің айтуынша, мысалы медицина, ауыл шаруашылығы, құрылыс, заңтану және басқа да салада оқитын студенттер осы цифрлық құзыретті игеріп, пәнаралық маман болып шығады.


«Осы жобаның нәтижесінде терең IT білімі бар жаңа мамандар шығарылады. Аталған жобаның шеңберінде жыл сайын 400 мыңнан астам кадр «цифрлық құзыретке» ие болып шығарылады. Осылайша, 2030 жылы әр деңгейдегі оқу орындары жаңа формациядағы 3 миллионнан астам маман даярлайды», - деді ол.

bottom of page