top of page

Докторанттардың диссертация тақырыбын бекіту мерзімі ұзартылады - ҚР БҒМ



ҚР Білім және ғылым министрлігі докторанттардың диссертация тақырыбын оқудың бірінші семестрінде бекітуі туралы ережені өзгертуді ұсынды. Бұл туралы министр Асхат Аймағамбетов Фейсбук желісінде жазды», деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Жақында докторанттар өзге студенттер сияқты жаңа оқу жылын бастайды. Қазіргі нормативтік актілерге сәйкес, докторанттар диссертация тақырыбын оқудың бірінші семестрінде бекітуі керек. Іс жүзінде бұл үнемі дерлік ресми сипатта болады. Докторант пен оның жетекшісі диссертация тақырыбын бекіту мерзімін оның пысықталуына қарай өздері белгілеуі тиіс. Білім мен ғылымда ресми тәсіл болмауы керек! Бұл докторанттардың Жеке оқу жоспарын (ЖОЖ) бекіту мерзімдеріне де қатысты. БҒМ мұндай құжаттардың мерзімдері мен мазмұнын реттемеуі тиіс. Біз ЖОО-лардағы есеп беруді азайту үшін одан әрі жұмыс істейміз», - деп жазды министр Facebook -тегі парақшасында.


Сонымен бірге, министр орташа білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (ОБ ОЖСБ) жоюды ұсынды.


«Бақылаудың бұл түрі ешқашан тиімді болмаған. Академиялық дербестікті кеңейту жағдайында әрбір ЖОО өзінің білім беру бағдарламаларын дайындағанда ОЖСБ іс жүзінде қажет болмай қалады», - дейді А. Аймағамбетов.


Бұған дейін Білім министрі қашықтан немесе аралас оқу түрін таңдау мүмкіндігін енгізуді.

© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page