top of page
Поиск

«Ауыл мектебі powered by NIS» жобасының алғашқы кезеңі аяқталды


Елімізде «Ауыл мектебі powered by NIS» жобасының алғашқы кезеңі сәтті аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».


Ауылдағы білім ошағының материалды-техникалық базасын нығайтып, білім беру сапасын арттыруға арналған жоба екі облыста басталған болатын. Бұл мақсатта «Aitas KZ» АҚ мен «Назарбаев зияткерлік мектебі» арасында 800 миллион теңгенің келісімшарты жасалды. Осыған сәйкес, ауыл балаларының заман талабына сай, білім алуына 3 жыл бойы мықты қолдау көрсетілмек.


Жобаның алғашқы кезеңі 4 мектепті қамтыды. 284 мұғалім НЗМ білім беру әдісі бойынша біліктіліктерін арттырып, 2500 оқушы сапалы білім игеруге мүмкіндік алды.Осы мектептің әрбірі роботты техника, информатика, инженерия, көркем еңбек кулинария сыныптарымен және кітапханамен қамтылды.


Күләш Шәмшидинова, «Назарбаев зияткерлік мектебі» АҚ басқарма төрағасы:

– Білім сапасына тек мемлекет қана емес, әр адам жауапкершілікпен қарай бастады. Бұл жоба осының көрінісі. Жергілікті әкімдік, педагогикалық ұжым және бизнес. Үш тараптың бірігуі ауыл балаларына кедергісіз білім алуға жол ашып тұр.


Жоба қамқорлығына алынған мектептердің үшеуі ел шығысында. Мәселен, Қатонқарағай ауданында Үлкен Нарын және Ластаев атындағы орта мектеп кабинеттері заманауи сипат алды. Бұл оқушылардың ынта-ықыласы арттырып отыр.


Мөлдір Уалханова, С.Ластаев атындағы мектеп оқушысы:

– Бұрын ескі құрылғыларды қолдану қиын болатын. Қазіргі күні жаңа құрылғыларды да көреміз, заман талабына сай заттармен де жұмыс істейміз.


Жоба жетекшілері бұл бастамаға өзге ірі бизнес өкілдерін жұмылдыруға ниетті.


Серік Толықпаев, «AITAS KZ» АҚ бас директоры:

– Бұл ұлттық масштабқа айналатын жоба. Қазақстанның бүкіл ауыл-аудандарын қамтимыз. Яғни ондай 165 елді мекен бар. Біздің мақсатымыз – қала мен ауылда берілетін білім деңгейін теңестіру.


AITAS холдингінің айтуынша, жоқ дегенде әр ауданда НЗМ дәрежесінде білім бере алатын бір мектеп болуы керек. Бұл шамамен жалпы 33 миллиард теңге көлемінде қаржы құю деген сөз. Егер ірі кәсіпкерлер қолдаса, осы мақсатқа 5-7 жыл қол жеткізуге болады дейді олар.


Авторлар: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов



© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page