top of page
Поиск

Биыл колледждерде кадр дайындау мемлекеттік тапсырысы 20 мың орынға дейін ұлғаяды


Биыл колледждерде кадр дайындау мемлекеттік тапсырысы 20 мың орынға дейін ұлғайтылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Жастар бірінші мамандығын тегін алуы үшін осы жылы колледждерде кадр дайындау мемлекеттік тапсырысын 20 мың орынға дейін ұлғайтуды қамтамасыз ету керек. Облыс әкімдері 9 және 11 сынып оқушыларын алдын ала кәсіби бағдарлау бойынша жұмыс жүргізсін», - деді Үкімет басшысы.


Асқар Мамин Білім және ғылым министрлігіне 20 ең мықты жоғары оқу орнын іріктеп, 25 наурызға дейін олардың тізімін жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеті жөніндегі кеңесте қарау үшін Үкіметке енгізуді тапсырды.


«Білім беру жүйесін кешенді жаңғырту бәсекеге қабілетті экономиканың негізгі факторы болатын сапалы адами капитал қалыптастыру үшін қажетті жағдай жасауға мүмкіндік береді», - деді Премьер-Министр.


Автор: Марлан Жиембай



#ҚР Үкіметі #Білім


© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page