top of page
Поиск

Білім министрлігі биылғы ҰБТ қалай өтетінін түсіндірді


Биыл мектеп түлектері ұлттық бірыңғай тестілеуді 2 рет тапсыра алады. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Наурыздың 10-ы мен сәуірдің 10-ы аралығында ҰБТ ақылы негізде өтеді. Оған үміткерлер бір рет қана қатыса алады. Ал 15 сәуір мен 30 маусым аралығында ҰБТ тегін болады. Бұл ретте үміткерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігіне ие. Олар білім гранттарын бөлуге қатысады. Сәуір-маусым аралығындағы ҰБТ-ға биыл мектеп бітіретін 120 мың түлектің қатысатындығы жоспарланған», - деді ол министрліктің аппарат жиналысында.


Оның атап өтуінше, еліміздің өңірлерінде ҰБТ өткізу пунктерінің саны жеткілікті.


Биыл ҰБТ-ны мектеп бітірушілер, өткен жылы орта білім ұйымдарын бітіргендер, кәсіби-техникалық орта білім алғандар, Қазақстан азаматы емес тұлғалар, шетелдердегі білім ұйымын бітіргендер тапсырады.


«Өткен жылы біз оларға ҰБТ-ны пандемияға байланысты қашықтан өткізген едік. Сондықтан оларда ҰБТ-ны электронды форматта тапсыру тәжірибесі бар және бұл олар үшін жаңалық емес», - деді Мирас Дәуленов.


Автор: Марлан Жиембай



#Білім #ҚР Білім және ғылым министрлігі #ҰБТ


© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page