Диссертациялық кеңестің құрамы халықаралық тәжірибені ескере отырып жасақталады. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Диссертациялық кеңестердің құрамы халықаралық тәжірибені ескере отырып жасақталады. Докторанттың зерттеу тақырыптары әралуан болғандықтан, диссертациялық кеңес мүшелерінің жартысы уақытша тағайындалатын болады. Енді кеңес мүшелері, қорғау қорытындысы бойынша диссертациялық кеңес PhD дәрежесін беру (1), PhD дәрежесін бермеу (2), диссертацияны қайта қорғауға жіберу (3) немесе докторант жұмысын пысықтауға жіберу (4) сынды шешім қабылдай алады», - деді ол.
Министрдің атап өтуінше, бұған дейін кеңес мүшелері тек екі шешімнің біреуін қабылдайтын.
«Бұған қоса, енді дауыс беруге ресми рецензенттер де қатысатын болады». – деді Асхат Аймағамбетов.
Автор: Марлан Жиембай
Comments