top of page
Поиск

Еліміздің бірқатар өңірінде оқушылар сарайы салынады


Көкшетау және Қарағанды қалаларында екі оқушылар сарайының құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Өткен жылы мектептен тыс ұйымдарды жаппай оңтайландыру тоқтатылғанын атап өткім келеді. Бұл да балалардың қосымша білім алуға тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге оң әсер етеді. Сонымен қатар, соңғы екі жылда Талдықорған және Петропавл қалаларында оқушылар сарайлары ашылды. Биыл Атырау және Түркістан қалаларында оқушылар сарайлары салынды. Түркістан облысында балалар музыка мектебі, Өскемен қаласында «SMART» креативті білім беру орталығы ашылды», - деп жазды министр Facebook парақшасында.


Сонымен қатар министр қазір Көкшетау және Қарағанды қалаларында екі оқушылар сарайының құрылысы жүріп жатқанын айтты.


«Алматы қаласындағы оқушылар сарайында қайта жөндеу жұмыстары жүргізілмек және Жамбыл облысында оқушылар сарайының құрылысы жоспарланған. Педагог мәртебесі туралы заңға сәйкес қосымша білім беру қызметкерлерінің де еңбекақысы жыл сайын өсетін болады, санаттар үшін қосымша ақылары ұлғайтылады. Сондықтан қосымша білім беруді дамытудың жаңа кезеңі басталды деп сеніммен айта аламын», - деді Асхат Аймағамбетов.


Бұған дейін Білім министрі балалардың мемлекеттік тапсырыс арқылы жекеменшік ұйымдарда да қосымша білім алуына жағдай жасалатындығын айтқан еді.


Автор: Марлан Жиембай




#ҚР Білім және ғылым министрлігі


© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page