top of page
Поиск

Асхат Аймағамбетов: Колледждерде оқу мерзімі қысқарады


Колледждерде оқу мерзімі қысқартылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Техникалық және кәсіптік білім беру саласында барлық жасқа қажетті мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқуға мүмкіндік беріледі. 2017 жылдан бері тегін техникалық білім берумен қамту ұлғайды. Бірақ әлі де 50 мыңға жуық студент ақылы бөлімге оқуға түседі. Осыған орай 2025 жылға дейін жастарды кезең-кезеңмен 100%-ға дейін техникалық біліммен қамту жоспарлануда. Ол үшін мемлекеттік тапсырыс көлемі 50 мыңға дейін кезең-кезеңмен ұлғаятын болады», - деді министр.


Оның атап өтуінше, колледждерге академиялық дербестікті енгізу бойынша жұмыс қолға алынды.


Бүгінгі күні заңнамалық деңгейде уәкілетті органның колледждерде оқу мерзімдерін белгілеуі туралы норма алып тасталды.


«9-сынып негізінде колледжге түскендер үшін оқу мерзімін үш жарым жылдан 2 жылға дейін және 11-сынып негізінде екі жарым жылдан 1,5 жылға дейін қысқарту жоспарлануда. Бұл нарыққа кадрларды даярлау мерзімін қысқартып, оның сапасын арттырып, білім бағдарламаларын жаңартуға мүмкіндік береді», - деді Асхат Аймағамбетов.


Сонымен қатар ол «Жас маман» жобасы аясында 180 колледждің инфрақұрылымын жаңғырту биыл аяқталатындығын айтты.


«Жобаның қорытындысы бойынша әрбір өңірде дамыған материалдық-техникалық базасы, жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламалары бар кемінде 7 заманауи колледж жұмыс істейтін болады. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, колледждерді сенімгерлік басқару тетігін дамытудамыз. Осы жұмыс әрі қарай жалғасады», - деді министр.


Автор: Марлан Жиембай


#ҚР Үкіметі #Білім



© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page