top of page
Поиск

Кұмаш Нұрғалиевтің мұрасы заманауи жүйесінде


Өмірін ауыл мектебіне, ауыл балаларына арнаған, есімі үлкен әріппен жазылған ұстаз – Құмаш Нұрғалиевке Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев «Бұл ғажап адамның өмірінің өзі – ерлік, шәкірттерді рухани адамгершілікке тәрбиелеуде, олардың азаматтық болмысын қалыптастыруда ғибратты өнеге», – деп баға берді.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, Ұлы Отан соғысының ардагері Құмаш Нұрғалиев шалғайдағы ауыл мектебінде жанкешті еңбектің арқасында өзін ұстаздар көшбасшысы ретінде көрсете білді.


Өзінің өмірімен, еңбегімен елге үлгі бола білген Ұстаздың Қазақ педагогикасына қосқан өлшеусіз еңбегін дәріптеу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 3 жылда бір рет дәстүрлі түрде Құмаш Нұрғалиев педагогикалық оқуларын өткізіп келеді.

Ағымдағы жылғы қазан айында КСРО Халық мұғалімі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО халықағарту ісінің үздігі, жаңашыл-педагог Құмаш Нұрғалиевтің идеясы негізінде білім берудің өзекті мәселелерін талқылау, оқытудағы үздік инновациялық педагогикалық іс-тәжірибелерін бөлісу, жинақтау және кеңінен тарату арқылы

Қ. Нұрғалиевтің мұрасын үлгі ете отырып, насихаттау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Құмаш Нұрғалиевтің педагогикалық мұрасы заманауи білім беру жүйесінде» атты өңіраралық педагогикалық оқуларын өткізді.


Өткізіліп отырған кезекті педагогикалық оқуларға Алматы, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы жоғары оқу орындарының оқытушы-ғалымдары, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, жалпы орта және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтері, білім бөлімдерінің әдіскерлері және ұлы ұстаздыңұрпақтары қатысты.

Аталған шарада Құмаш Нұрғалиевтің замандасы, досы Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ғылым докторы, академик, профессор Рысалды Құсайын Тыныспайұлы Қ. Нұрғалиевтің өскен ортасы мен ерен еңбегі, отбасы туралы толғаныстарымен және естеліктерімен бөліссе, Нұрғалиевтер әулетінің өкілі, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрғалиева Майгүл Зиябекқызы ұлағатты ұстазының аяулы бейнесі жайлы, соңында атқарылып келе жатқан істердің ұстаз есімімен тығыз байланыста екендігін, Ұстаз атындағы мектеп мұражайындағы Аңыз ұстаздың достарымен жазысқан хаттары, басқа да құнды материалдарымен бөлісті.

Халық мұғалімі жасөспірімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, қоғам өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы – балаларын, өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі бола алды.

Осы аса ізгі және аса қиын кәсіпке өз өмірін, тұрақты шығармашылық пен ойдың тынымсыз еңбегін арнап, орасан зор жан жомарттығымен, балаларға сүйіспеншілігімен, өз ісіне шексіз адалдығымен әр шәкіртініңжүрегінен мәңгі орын алды. Боран мектебінің түлектері бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде қазақпедагогикасына елеулі үлес қосуда. Ұстаз еңбегінің жемісі деген осы емес пе? Осы орайда, Құмаш Нұрғалиевтіңшәкірті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің психология кафедрасының оқытушысы, психология ғылымының докторы, профессор Ерментаева Ардақ Ризабекқызы Ұстазының ерен еңбегін, оныңішінде ауыл мектебін басқаруы және жаңа технологиялардың, компьютерлік сыныптардың ашылуы жайлы жылы лебізі мен оқушы кезіндегі естеліктерін ортаға салды. Мұғалім мамандығын таңдауға өзінің осындай ұстазыныңөнегесінің ықпал еткенін айтты.

Аңыз Ұстаз сонау 1959-70 жылдары ірі қала мектептерінің тәжірибесін зерттей және жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста бола отырып, мектептегі оқу-тәрбие жүйесін, материалдық-техникалық базасын зор ізденіспен, ғылыми-педагогикалық негізде жүзеге асырды. Ерен еңбегінің нәтижесі – Боран ауылындағы оның авторлықмектебі ЮНЕСКО мен республикалық білім саласын ақпараттандырудың «Қазақстан Республикасындағы ауыл мектептерін қашықтан оқыту» бағдарламасы бойынша жаңашыл ақпараттық технологиялар орталығы болды! Міне, елінің нағыз патриоты!

Өскемен қаласындағы Қ. Нұрғалиев есімімен аталатын №43 мектеп-лицейдің тарих пәнінің мұғалімі, тарих ғылымының кандидаты Чекетаева Роза Сарқытбекқызы қазақстандық патриотизмнің биік үлгісінің негізін қалаған ұстаз жайлы ойымен бөлісті.

Шара соңында ұлы Ұстаздың қызы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР БҒМ Республикалықбілім беруді ақпараттандыру ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Гүл Құмашқызы әкесінің соңынақалдырған мұрасының жоғалмай, бүгінгі күні педагогикалық тәжірибеде жалғасып келе жатқанына ризашылығын білдірді.

«Ұстаз» деген ізгі және жауапты кәсіпке өз өмірін, тұрақты шығармашылық пен ойдың тынымсыз жұмысын арнап, балаларға деген сүйіспеншілігімен, орасан зор жан жомарттығымен, іске шексіз адалдығымен әр шәкіртініңжүрегінен мәңгі орын алған ұлт мақтанышы болған ұлағатты Ұстаздың идеясы мен оқытудағы үздік инновациялық педагогикалық іс-тәжірибесі бүгінгі заманауи білім беруде құнын жойған жоқ. Ұлы ұстаздың ісі барша ұстаздар қауымына үлгі!

Құмаш Нұрғалиевтің «Ерте ме, кеш пе мұғалімдердің де өмірдегі өзінің биік тұғырына қонарына мен сенімдімін» – деп, кезінде көрегенділікпен айтқан жылы лебізі бүгінгі күні шындыққа айналып отыр.

Бүгінгі күні арнайы «Педагог мәртебесі туралы» заңның шығуы оған дәлел бола алады. Осы заң педагогтер мәртебесін көтеріп, әр ұстаздың абыройын асырып, еңбегін жоғары бағалуда.

Құрметті ұстаздар! Олай болса, егемен елімізге, келешек иелеріне тәлімді тәрбие, тағылымды білім беруді мақсат еткен ұстаздар қауымы Құмаш Нұрғалиев сынды асыл ойлы ұстаздың барлық жаңашыл ізденістерініңжалғастырушысы Сіздер болатынына сенімдімін.


Сайрангүл Жұмаділова,

ШҚО білім басқармасының басшысы

АННОТАЦИЯ

В статье рассказывается о ставших традиционными педагогических чтениях, посвященных наследию народного учителя Казахской ССР, педагога-новатора Кумаша Нуралиева, и использовании этого опыта в наши дни.

© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page