top of page
Поиск

Наурыздағы Ұлттық бірыңғай тестілеу компьютерлік форматта өтеді


Наурыздағы Ұлттық бірыңғай тестілеу компьютерлік форматта өтеді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Наурыздағы Ұлттық бірыңғай тестілеу компьютерлік форматта өтеді Оның нәтижесімен ақылы бөлімге түсуге болады. Тіркелу бойынша ақпарат келесі аптада жарияланады. Сіз өзіңізге ыңғайлы күнді және уақытты таңдап, жаңа форматтағы емтиханды Наурыз ай бойы сынай аласыз!», - деп жазды Дидар Смағұлов Facebook парақшасында .


Дегенмен орталық басшысы наурыз айындағы тестілеу ақылы екендігін айтады. Оған қатысу түлектің өз еркінде және құны 2 242 теңгені құрайды.


«Ал грантқа түсу үшін компьютерлік ҰБТ сәуір-маусым аралығында өтеді және сізде 2 тегін мүмкіндік болады. Сол тестілеу сертификатының біреуін шілдеде болатын конкурсқа жібересіз. Сонымен, компьютерлік ҰБТ-ны жалпы 3 рет тапсырып, ең жоғары нәтижеге жететініңізге күмәнім жоқ», - деді ол.


Автор: Марлан Жиембай



© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page