top of page
Поиск

«Отбасы – орта мектеп»: Қазақстанда жастарды тәрбиелеу әдістемелері әзірленуде


«Отбасы – орта мектеп» жобасы аясында жастарды тәрбиелеу әдістемелері әзірленіп жатыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Биыл «Отбасы – орта мектеп» жобасы аясында педагогтер мен ата-аналар үшін ұлттық құндылықтарды ескере отырып, жастарды тәрбиелеу әдістемелері қосымша әзірленуде. Сонымен қатар отбасылық және ұлттық тәрбиенің құндылықтары балалардың бос уақытын, мәдени-бұқаралық іс-шараларды, жарыстарды, сынып сағаттарын, ата-аналар жиналыстарын, үйірме жұмыстарын және тағы басқаларын ұйымдастыру аясында іске асырылады», - деді Үкімет басшысы.


Премьер-Министрдің атап өтуінше, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 71-бабына сәйкес күнделікті жұмыстың ұзақтығы, оның басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзілістер еңбек тәртіптемесі қағидаларында, еңбек және ұжымдық шарттарда белгіленген талаптарды сақтай отырып айқындалады.


«Еңбек заңнамасының, оның ішінде жұмыс уақыты режимдерінің сақталуын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне және еңбек заңнамасының сақталуын2 тексеру парақтарына сәйкес жүзеге асырады. 2020 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша 5 мыңнан аса ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді», - деді Асқар Мамин.


Автор: Марлан Жиембай


#ҚР Премьер-Министрі #Білім #Жастар


© 1999-2023  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page